Дұрыс тамақтанып жүрсіз бе?

Денсаулығыңыз мықты болсын десеңіз, ең алдымен тамақтану әдетін өзгерту керек. Алайда, көптеген адамдар нені, қалай өзгерту керек екенін білмей жатады. Толығырақ: massaget.kz


Сондықтан назарларыңызға пайдалы тағамдардың тізімін ұсынамыз:

1. Майлы балық
Балықтың бұл сұрыбында омега-3 қышқылы бар. Ал оның миға әсері мол екені бәрімізге мәлім. Балық тойымды әрі өте пайдалы тағам. Ол қантамырларын қатайтып, холестериннен тазартып, жүрек ауруларының алдын алады.

Балықтың ең пайдалы түрлеріне албырт, сардина, тунец, жыланбалық пен бахтах (форель) жатады. Аптасына 1-2 рет балық жеп тұруға кеңес береміз.

2. Сүт және сүтті тағамдар
Сүт тағамдарының құрамдастарын ми жасушалары тез сіңіреді екен. Оның үстіне зат алмасу да жақсарады. Ал бұл өз алдына ойлау қабілетін нығайтуға көмегін тигізеді. Бұл тәжірибе жүзінде дәлелденді: сүтті көп ішетін адамдардың ойлау және есте сақтау қабілеті жоғары болады.

3. Жұмыртқа
Жұмыртқа көптеген құнарлы элементтерді құрайтын тағам екені сөзсіз. Сонымен қатар фосфор, мырыш, темір және А, Д, В дәрумендерімен нәрлендіретінін ескеріңіз.

4. Бұршақ
Бұршақтың құрамында фоль қышқылы мен В дәрумені бар. Бұл элементтер есте сақтау қабілетін жақсартады.

5. Қызанақ
Қызанақтың құрамында миға әсер ететін бос радикалдардың кері әсерін жоятын ликопин антиоксиданты бар. Ликопин ағзаны тазартып, емдеп қана қоймай, жасушаларды жаңартып, теріні жасартады.

6. Картоп
Картоп С, В, D, Е, К топ дәрумендеріне және калий, темір мен фосфорға бай. Сонымен қатар пеште пісірілген картоп жүрек-тамыр жүйесі мен зат алмасуды қалыпқа келтіреді екен.

7. Астық
Мюсли және сұлымен таңертен тамақтанған жөн. Олар көмірсуға бай. Оның үстіне құрамында минералды тұз мен В тобының дәрумендері бар.

8. Қарақұмық
Қарақұмықтың құрамында темір, магний, кальций, йод және адам ағзасына пайдалы басқа да микроэлементтер мол. Қарақұмықтан жасалған ботқа күш-қуат беріп, ағзадағы В, Р, Е дәрумендерінің санын көбейтеді.

9. Қоңыр күріш
Құрамында жасұнық пен көмірсу мол болғандықтан, бұл тағаммен түскі мезгілде тамақтанған жөн. Сонымен қатар оның құрамында май жоқ.

10. Жемістер
Табиғи жемістердің құрамында сан түрлі дәрумендер, тағамдық талшықтар бар. Олардың көмегімен біздің ішегіміздің қызметі жеңілдей түседі. Алма, цитрус, алмұрт, өрік секілді жемістердің калорий құрамы 40–60-тан аспайтындықтан, арықтауға да көмегін тигізеді.

11. Бал
Бал жүрек-тамыр жүйесіне жақсы әсерін тигізеді. Таңғы ас ішерде бал жесеңіз қан қысымының өзгеруінің алдын аласыз

12. Жаңғақ пен май
Грек жаңғағы, миндаль, кешью сияқты жаңғақтар мен күнбағыс майы, грек жаңғағының майы, зәйтүн майы адам ағзасындағы холестеринді көбейтеді. Күнделікті грек жаңғағы мен зәйтүн майын тамақтану рәсіміне қоссаңыз нұр үстіне нұр болар еді. Олар дене сымбатына, бет терісіне және салмаққа әсер берумен қатар иммунитетті нығайтады.

 

0
түсініктер
Айнаға қарап, денсаулығыңызды байқаңыз 
Қарау
Судың емдік қасиеттері
Қарау
Тар киімнің кесірі
"Сұлулық құрбандықты талап етеді " деген қағиданы желеу етіп, кейбір кезде өзімізді шектен тыс қинап жіберетініміз бар. "Сұлуынан жылуы" деген сөзді біз "Сұлуынан жайлылығы" деп өзгертсек те айып емес. Өйткені, бірінші байлық - әлбетте, денсаулық... Алтын кеңес: Тар киімнен алты ауыл алыс жүріңіз. Тар киім гинекол
Қарау
Кеңседегі денсаулық
Қарау
Адам көңіл-күйінің денсаулыққа әсері
Қарау
Жүз жасауға көмектесетін 7 ереже
Қарау
Жүрекке пайдалы жеміс-жидектер
Қарау