Мысықтың денсаулыққа пайдасы 

Мысықты жақсы көретін жандар мысық асыраса, оның денсаулыққа пайдасы орасан екен. Егер үй жануарларына аллергияңыз болса, өзіңізді күштемеңіз.


Жүрек талмасына шалдыққан науқас мысықты бірнеше минут сипаса, оның қан қысымы қалпына келеді. 

Мысық шаршағанды басып, күйзелістен арылуға көмектеседі. 

Мысық үйдегі жағымсыз энергиямен күресіп, үйдің атмосферасын тазартады. Қара түсті мысық өзге мысықтарға қарағанда адам бойындағы жағымсыз энергияны өзіне көбірек сіңіріп алады. Ал ақ түсті мысық адамның жүйке жүйесіне оң әсерін тигізеді. 

Мысықтың мауығу кезінде шығаратын дыбысы науқасты ультрадыбыспен емдеумен бірдей. Мысықтың дыбысы жараның жазылып, сүйектің өсіп-жетілуіне әсер етеді. 

Жалғызілікті жандар үшін мысық - таптырмас ермек. Мысық қожайынына қажет екенін сезсе, оған адал дос бола біледі. 

Сүйкімді мысықтың суретіне қарап отыру жүйкеге тыныштық сыйлайды. 
Мысық сіздің қай жеріңізге шығып жайғасса, сол жеріңіздің сыр бергені. Егер беліңізді айналсоқтаса, бүйрегіңіз ауырады. Мысық басыңызға жатса, ол гипертония немесе бас ауруының белгісі. Егер мысық сол жақ жауырынға немесе иыққа жатса, онда жүрегіңіздің жұмысы ауытқи бастаған. 

Тағы да айта кетейік, мысық адамның өзіне деген махаббатын, мейірімін сезсе ғана, емдеу ісіне кіріседі. Оны жақсы көріп сипасаңыз, біраз аурудан арыласыз. Мысықты емдеуге күштеп көндіру мүмкін емес. Өмір бойы үйінде мысық ұстаған адамдар мысық асырамайтын адамдарға қарағанда 10 жыл артық өмір сүретіні дәлелденген.

 

Дереккөз: vk.com

0
түсініктер
Айнаға қарап, денсаулығыңызды байқаңыз 
Қарау
Судың емдік қасиеттері
Қарау
Тар киімнің кесірі
"Сұлулық құрбандықты талап етеді " деген қағиданы желеу етіп, кейбір кезде өзімізді шектен тыс қинап жіберетініміз бар. "Сұлуынан жылуы" деген сөзді біз "Сұлуынан жайлылығы" деп өзгертсек те айып емес. Өйткені, бірінші байлық - әлбетте, денсаулық... Алтын кеңес: Тар киімнен алты ауыл алыс жүріңіз. Тар киім гинекол
Қарау
Кеңседегі денсаулық
Қарау
Адам көңіл-күйінің денсаулыққа әсері
Қарау
Жүз жасауға көмектесетін 7 ереже
Қарау
Жүрекке пайдалы жеміс-жидектер
Қарау