"Көзім көрмейді" дегіңіз келмесе...

Cоқырлықтың алдын алу агенттігінің анықтауынша әлемде шамамен 284 миллион адамның көзі дұрыс көрмесе, оның 39 миллионы мүлде көрмейді. Бүгінде екінің бірінің көзі жақсы көрмейді, бір сыныпта бірнеше оқушы көзілдірік киеді.


Ал көзді зақымданудың алдын алу өзіміздің қолымызда. Бұған қатысты бірнеше әдісті назарларыңызға ұсынамыз:

1. Көзіңіз жақсы көрсе де жылына бір мезгіл офтальмологқа барып тұрыңыз. Көздің көрмеуінің алғашқы кезеңін мейлінше ертерек анықтасаңыз, оны емдеу де тез болады.

2. Көзіңізді емдеу үшін «дұрыс» азық таңдаңыз. Бұл дегеніміз «қаражидек» емес, бұл жидек туралы «көзіміз үшін керемет әсері бар» деген аңыздың ғылыми негізі жоқ. Ал сәбіз туралы анықтамаға сенуге ғылыми дәлелдер негіз бола алады. Себебі сәбіз көзге жақсы әсер ететін β-каротиніне бай көкөніс. Алайда сәбіздің де пайдасы мол емес. Көзімізге қара нан, қатты бидай сұрыпынан жасалған макарон, қарақұмық, сұлу ботқасы, картоп және басқа да көкөністердің пайдасы бар. Құрамында С, Е дәрумендері, мырыш пен омега-3 бар балық, теңіз өнімдері, астық тұқымдары, өсімдік майлары, көкөністері мен жемістерді де мейлінше жиі сатып алып, тамақтанып жүріңіз.

Сонымен қатар сарапшылар саумалдық «шпинат», асқабақ, бұршақ тұқымдастар, құрма, сәбіз, қызыл бұрыш, қызанақ, итмұрын, қаражидекті де жеуге кеңес береді.

3. Линза көздің кемшілігін түзетуге көмегін тигізеді. Оптикаларда көздің алыстан, жақыннан көрмеуін немесе астигматизмге арналған линзалар бар. Офтальмологтар бір күндік линзаларды тағуға кеңес береді. Ондай линзалар "корригирующие" деп сатылады.

4. Көзді ультра күлгіннен сақтау керек. Ғалымдардың пайымдауынша қорғаныс құралынсыз күн астында көп жүру көзіміздің мүйізгек қабығына, қабақтарға және көз бұршаққа жағымсыз әсер етеді. Ультра күлгін сәулесінің тікелей әсері көздің жоғарғы қабағын зақымдайды. Бұл әсерді әдетте күнге күюге ұқсатады. Тым жарық күн әсері көздің мүйізгек қабағының қабынуына (фотокератит) апаруы мүмкін. Нәтижесінде ауырып, көзімізден жас шығуы мүмкін.

Ультра күлгін сәулесінің кері әсері балаларға зияндырақ саналады. Себебі ересектерге қарағанда олардың көздерінің қарашықтары кеңірек, көз бұршағы жұқарақ келеді.

5. Жұмыс орныңыздың жарығына мән беріңіз. Қараңғыда кітап оқымаңыз. Үстел шамының жарығы көзге тікелей түспеуі керек. Сондай-ақ күн жарығында кітап оқу да дұрыс емес екен, жарық түсіп тұрған ақ қағаз көздің күшеюіне әкеледі.

6. Көзге арналған арнайы жаттығу. Оның атауы – пальминг. Бұл жаттығуды американдық офтальмолог дәрігер Бейтс ойлап тапқан. Оны кез келген жерде істеуге болады.

Үстелге шынтақтап отырыңыз. Желке, мойын мен омыртқа тік болуы керек. Қолыңызды жай қағудан бастаңыз. Алақандарыңызды жылыту үшін бір-біріне сипаңыз. Қолыңызды бір уыстап ұстап, жұмылған көзге басыңыз. Сонда көздеріңіз алақанның тереңдеген, шұңқырланған жеріне паралельді болуы керек, ал бесінші саусақтар кеңсірікке келуі керек. Қатты басудың қажеті жоқ, еркін жыпылықтауға мүмкіндік болу керек. Көзіңізге жарық түспеуі керек, сондықтан алақаныңызды қымтап ұстаңыз. Осы қалыпта енді жағымды, жақсы дүниелер жайлы ойланыңыз.

Көзіңіздің шаршағанын сезгенде пальминг жасаңыз. Оны жасау уақыты нақты емес, өзіңіздің қалауыңызша жасауға болады. Бұл әдіс көзіңізді емдеуге септігін тигізетін бірден-бір әдіс.

 

Дереккөз: lviewer.com

0
түсініктер
Айнаға қарап, денсаулығыңызды байқаңыз 
Қарау
Судың емдік қасиеттері
Қарау
Тар киімнің кесірі
"Сұлулық құрбандықты талап етеді " деген қағиданы желеу етіп, кейбір кезде өзімізді шектен тыс қинап жіберетініміз бар. "Сұлуынан жылуы" деген сөзді біз "Сұлуынан жайлылығы" деп өзгертсек те айып емес. Өйткені, бірінші байлық - әлбетте, денсаулық... Алтын кеңес: Тар киімнен алты ауыл алыс жүріңіз. Тар киім гинекол
Қарау
Кеңседегі денсаулық
Қарау
Адам көңіл-күйінің денсаулыққа әсері
Қарау
Жүз жасауға көмектесетін 7 ереже
Қарау
Жүрекке пайдалы жеміс-жидектер
Қарау