Омыртқа ауруларына арналған жаттығулар 

Омыртқа – адамның қимыл-қозғалысын реттейтін ең маңызды мүше. Адам қартайған сайын омыртқада зат алмасу процесі нашарлап, ауру пайда болады. Бұл ауруды спондилез деп атайды. Яғни омыртқаның созылмалы ауруы. Бұл дертке шалдыққан науқас ұзақ уақыт тұрғанда, жүргенде, отырғанда омыртқасы мен тізесі аралығы түгел шыдатпай ауырады.  Дереккөз: massaget.kz

Ауруды болдырмау үшін не істеу керек? Ең бастысы мынадай ережелерді ұстаныңыз. 

• Денені тік ұстап жүруге дағдылану керек; 

• Отырған кезде омыртқаның түзу тұруын қадағалаған жөн. Ол үшін арқаға жастық немесе белдеуше сүйеп отырады; 

• Ұйықтап демалған кезде жастықты ыңғайлап қойып, аяқ-қолды бүкпей, созып жатып демалу керек. Төсектен бірден тұрмай, асықпай, бір жанымен қолды тіреп барып тұрған дұрыс. Өйткені бірден тұрған кезде омыртқаға зақым келеді; 

• Тізерлеп ұзақ отыруды әдетке айналдырмау керек; 

• 5 келіге дейін ауырлықты көкірек тұсына дейін көтеріп үйрену керек. Сонымен қатар, көлікке отырған кезде де алдымен орындыққа теріс қарап бұрылып тізені бүгіңкіреп отырып, содан кейін аяқты кіргізіп үйрену керек. 
 

 Бұл ережелерге қосымша дене шынықтырумен де айналысқан пайдалы. Назарларыңызға үстелде отырып жасайтын мынадай жаттығу кешенін ұсынамыз. Қандай қозғалыс болмасын, жаттығу кезінде дұрыс тыныс алу өте маңызды және әр жаттығуды 3-4 рет қайталап жасайды. Жаттығуды бірден омыртқа мен белге салмақ түсіруден бастамаған дұрыс және барлық дене мүшесіне жаттығу жасау керек. Кез келген жаттығу жасау реті алдымен бастан басталады. Сонымен қатар, бұл дерттің негізгі түріне мойын мен бел-сегізкөзінің зақымдануы жататындықтан, мойынға жаттығу жасаған дұрыс. 



• Басты көкірекке дейін еңкейтіп, қайта көтеріп терең тыныс алады. 

• Басты еңкейтіп, алдымен оңға бұрады. Содан кейін солға қарай жаймен бұрады да бастапқы қалыпқа келіп терең тыныс алады. 

• Қолмен белді ұстап, жуырынды біріктіріп, қайта жазады. 

• Аяқты иықпен бірдей аралықта ашып, тізені қолмен ұстайды. Содан соң барынша алға қарай еңкейіп, бастапқы қалыпқа келгенде терең тыныс алып демалады. 

• Қолды жоғары қарай созып, терең тыныс алады да, қолды түсіргенде бар күшімен демді сыртқа шығарады. 

• Терең тыныс алып иықты көтереді де, бастапқы қалыпқа келгенде демді сыртқа шығарады. 

• Орындық арқасына арқаны толығымен тигізіп, қолмен басты ұстайды. Содан соң терең тыныс алып атрқа қарай шалқаяды да, бастапқы қалыпқа келгенде демді шығарады. 

Ал келесі жаттығуды орындықтан тұрып жасайды. 

• Қолмен белді ұстап жаймен оңға қарай иіледі. Содан кейін солға қарай иіледі де бастапқы қалыпқа келгенде терең тыныс алып демалады. 

• Үстел арқасын ұстап тұрып алдымен оң аяқты бүгіп көтереді, сосын сол аяқты бүгіп көтереді де бастапқы қалыпқа келгенде тынысты терең алып демалады. 
 

Аурудан толығымен айығу үшін жаттығуға қосымша суда жүзіп, арқаға, белге массаж жасату керек. Мұның бәрі қан айналымды 
жақсартып, ағзада зат алмасу процесін жақсартады.

 

0
түсініктер
Жүректің үш дұшпаны
Қарау
Балалар үшін ең жақсы 10 тағам 
Қарау
Жүзім қан айналымын қалыпқа келтіреді
Жүзім ағзаны токсиндерден тазартады және жасартатын қасиетке ие. Жүзім - тек дәмді ғана емес, сонымен қатар пайдалы өнім. Адамзат жүзімнің емдік қасиетін көп жылдар бұрын пайдалана білген.   Жүзім адам ағзасына қажетті А, В,С дәрумендеріне, калий, кальций, темір, фосфор сияқты минералдарға және протеиндерге бай. Бұл жемісті көптеген
Қарау
Гигиеналық дағдылар
Қарау
Бананның адам ағзасы үшін 22 пайдасы
Қарау
Жүкті әйелдерге жеу керек
Қарау
Денсаулықты жақсартатын сусындар
Қарау