Қант диабеті зағиптыққа апарады

 Қазіргі таңда қант диабетіне шалдығушылар жылдан-жылға күрт өсіп келеді. Десек те, өркениеттің дамуы, салауатты өмір салтын ұстанбау, дұрыс тамақтанбау диабетке шалдыққан адамдардың санын күннен-күнге көбейтетінін бәріміз біле бермейміз. Тағы бір айта кететін жайт, адам бұл ауруға шалдыққанын ұзақ уақыт, тіпті, 10 жыл бойы білмеуі мүмкін. Әрине өте қауіпті жағдай. Қазақстанда қант диабетімен ауыратындар саны 2002 жылы 90426 адамды құраса, 2015 жылы ол көрсеткіш 300 мыңға дейін өскен. Бұл тек қана ресми көрсеткіштер. Ал осы тізімге ілінбегендер саны қаншама... Ойлаудың өзі қорқынышты.

 Қант диабеті несімен қауіпті? Айқын белгілерсіз және дерт асқынған жағдайда көзге, бүйрекке, жүрекке болатын әсерімен адам денсаулығына орасан зор қауіп төндіреді. Қант диабеті – бұл көру қабілетіне төнетін тікелей қатер болғандықтан, ол кеңінен таралған сайын жалпы өмір сүру деңгейі де  төмендей бермек. Сау адамдарға қарағанда, зағиптық қант диабетіне шалдыққандарда 25 есе көп кездеседі екен. Қант диабетіне шалдыққан әрбір науқастың ерте ме, кеш пе көру қабілеті нашарлайды. Ол ауру мерзіміне, қандағы қанттың мөлшеріне, диетаның ұсталуы, үнемі офтальмолог пен эндокринологтан тексерілуден өтуге тікелей байланысты. Көз қарығуы, блефарит, теріскен сияқты көз аурулары диабеттің белгілері болуы мүмкін. Бастапқыда көру қабілетінің төмендеуі және ауырсыну секілді қауіпті белгілер болмайды. Көздің шел басуы, қозғалмалы дақтар, оқудың қиындауы, аурудың қауіпті фазаға өтіп, диабеттік ретинопатияға шалдыққанның белгісі байқалады. Диабеттік ретинопатия – көрсоқырлыққа жетелейтін бірден-бір ауру. Одан айығудың ең дұрыс жолы – уақытылы жасалған көз торының лазерді коагуляциясы. Бұл ем көз торындағы бұзылу процесін тоқтатады. Егер ауруды емдемесе, зағиптыққа әкеліп соқтырады.

 Бүгінгі таңда, қант диабетін бақылауда қатаң ұстап отыр. Сондықтан, егер сізде қант диабеті диагнозы қойылса, міндетті түрде, офтальмологтың тексеруінен өтіп, барлық талаптарды орындағаныңыз жөн. Қант ауруы - көрсоқырлыққа әкеп соқтыруы әбден мүмкін. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!        

 

Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты

0
түсініктер
Жүректің үш дұшпаны
Қарау
Балалар үшін ең жақсы 10 тағам 
Қарау
Жүзім қан айналымын қалыпқа келтіреді
Жүзім ағзаны токсиндерден тазартады және жасартатын қасиетке ие. Жүзім - тек дәмді ғана емес, сонымен қатар пайдалы өнім. Адамзат жүзімнің емдік қасиетін көп жылдар бұрын пайдалана білген.   Жүзім адам ағзасына қажетті А, В,С дәрумендеріне, калий, кальций, темір, фосфор сияқты минералдарға және протеиндерге бай. Бұл жемісті көптеген
Қарау
Гигиеналық дағдылар
Қарау
Бананның адам ағзасы үшін 22 пайдасы
Қарау
Жүкті әйелдерге жеу керек
Қарау
Денсаулықты жақсартатын сусындар
Қарау