Балалар күнге күйіп қалған жағдайда

«Ана, тағы біраз ойнайыншы!» Ал, осындай шуақты күні баланы серуеннен қалай алып кетесің? Кешке келгенде баланың сезімтал терісі ыстық қызыл болады және ата-аналар балаларының күнге күйген жерін анықтап, емдей бастайды. 

 

Күнге күю тәртібін дұрыс сақтамаудан дененің күнге күйіп кетуі, организмнің шектен тыс қызуы және оған күн өтуі мүмкін.

Тері күюінің белгілері:

  • алғашқыда күн түскен жерлер қызарып, ісінеді, кейде қалтыратып тоңдырады;
  • дене ыстығы көтеріледі;
  • бас ауырады;
  • жүрек айниды.

 

Балаңыз күнге күйіп қалғанда не істеуге болады?

Алдымен баланы тыныштандырыңыз, содан соң салқын компресс жасап ауырсынуын жеңілдетуіңізге болады. Оларды дайындау үшін түймедақ тұнбасы немесе қырмызы гүлі және алоэ шырыны болады. Егер дәрі қобдишаңызда хлоргексидин немесе мирамистин сынды антисептиктер болса соларды қолдануға болады. Бірақ, мүлдем спирт қолданбаңыз!

Жасына сәйкес дозада парацетамол немесе нурофен дәрігер келгенше жақсы көмектеседі.

Көбірек минералды су ішкені абзал (газссыз).

Үй жағдайында емдеуге қызықпаған жөн. Өсімдік майы негізіндегі, спирт тұнбалары теріге зиянын тигізеді.

Күнге күйген жерге қолданатын дәрілерді дәрігердің өзі белгілейді. Сондықтан, міндетті түрде дәрігерге тексерілген жөн. Көп жағдайда олар антигистаминді ұсынады, олар ісінуді және қышуды азайтады.

 

Қандай жағдайларда жедел жәрдемнің көмегі қажет?

  • Басынан ыстық немесе күн өтудің белгілері бар болса: баланың дене қызуы көтерілсе, құсу, бас аурулары, есінен танып қалған жағдайда. Жедел жәрдем шақырыңыз.
  • Бала әлі бір жасқа толмаса. Баланың жағдайын бағалау мүмкін емес, оны дәрігердің қарағаны жөн.
  • Егер көзі күйген жағдайда офтальмолог оны тез арада байқайды және асқынуларды болдырмауға тырысады.

 

Күнге күюдің алдын алу шаралары.

Серуендеуді таңертең немесе кешке жоспарлаңыз, ал түсте жабық жерде демалғаныңыз дұрыс.

Аяқ-қолды жауып тұратын мақтадан жасалған ыңғайлы киім, күннен қорғайтын очки, шорты мен футболкаға қарағанда жақсы.

Балаларды ультракүлгін сәуледен қорғайтын қол жетімді кремдер бар, оларды жағажайда ғана емес әншейінде қолдануға болады. Балаңызға 2 жастан бастап крем таңдай аласыз.

 

Күн сәулесі балаңызға ауырсыну әсерін емес, денсаулық пен көтеріңкі көңіл-күй сыйласын.

 

 

Дайындаған: Сайтбеков Әбдімәлік

0
түсініктер
Балалар күнге күйіп қалған жағдайда
Қарау
Қалай ұйықтаған пайдалы?
Қарау
Шомылу кезінде бұлшықет құрысуларын жою үшін...
Жаздың аптап ыстығында өзен-көлдерге шомылуға асығамыз. Ал, шомылу кезінде қауіпсіздікті сақтамаса арты жақсылыққа ұласуы екі талай екені анық. Сол қауіптіліктердің бірі, суға түскен кезде аяқ-қолдың құрысуы. Суға түскенде аяқ-қолыңыз құрысып қалса қайтпек керек?    Балаларыңызға тіпті ең мықты жүзгіштердің өзі батып кетуі мүмкін ек
Қарау
Бесік жыры - психоневрологиялық аурулардың алдын алатын бірден-бір тәсіл
Қарау
Жүктілік кезінде ісік пайда болса...
Қарау
Көз гигиенасы
Қарау
Дәрігер кеңесі "Жүктілік кезінде темекі шегу"
Қарау