Балалар жаз мезгілінде

Жаз-демалыс мезгілі. Балалар ата-аналарымен демалыс аймақтарында жиі болуы тіпті қоныс ауыстыруы мүмкін. Осындай жағдайда климат ауыстырған сәбидің науқастанып қалуы мүмкін бе? Оның алғашқы белгілері қалай байқалады?( Диетотерапиясы, емі,алдын-алу).

 Климат қаншалықты қолайлы болғанымен балаға жаңа ортаға бейімделуге уақыт қажет. Дені сау баланың өзі де демалыс аймактарында бірнеше күнге дейін өзін шаршаңқы, мазасыз, тәбетінің төмендеуі, бас ауруларын сезінуі мүмкін.

 Бейімделу кезеңі 4-10 күн аралығына созылады. Сондықтан үш жасқа дейінгі балаларды өздері бейімделген ортада сауықтырған дұрыс.

 

Шомылу маусымы басталып кетті. Баланы өздігінен хауызға  түсіп жузуді неше жастан үйреткен дұрыс? Қауіпсіздікті калай сақтаған дұрыс? Нені ескеру керек?

 Суда жузе білу –өмірге өте қажет. Мұны бала кезінен үйренген жөн.Есейе келе ол кімге болса да қиынға соғады. Судың ішінде адам салмақсыз болғандықтан, денеге көп күш түспейді де омыртқа жотасы созылады, бұлшық ет талшықтары ұзарады. Соның әсерінен адам тұлғасы сымбаттанып, қимыл –қозғалысы еркін де әсем көрінеді. Жүзу кезінде адам кеуде мен қарынға түсетінсудың қысымын ішке тереңдем тарту арқылы жеңеді. Мұның өзі тыныс алу жүйелерін жетілдіріп,жұмысын жақсартады,оттекпен қамтамасыз етіп,өкпенің көлемін ұлғайтады.Жүзу  жүйке жүйесін бекітіп, адамның ұйқысын, асқа тәбетін жақсартады, сол себептен дәрігерлер жүзуді емдік амал ретінде ұсынады. Баланы сәби күнінен бастап суда шомылдырып, жүзуге үйреткен жөн. Сонда бала бойшаң, шымыр, қайратты болып өседі.

 

 

 Анабол сайтының сұрақтарына Алматы қалалық №11 емхананың педиатры Ұлболсын Қалықова жауап берді.

0
түсініктер
Кивидің денсаулыққа пайдасы көп
Қарау
Дәрумендерді қайдан алуға болады?
Қарау
Адамның қолына қарап бойындағы түрлі ауруларды анықтаңыз
Бас бармақ  Бас бармақ пен сұқ саусағымызды біріктірсек, алақан ішінде сызықтар пайда болады. Олар өмірге деген құштарлықтың көрінісі. Ал өкпенің тазалығын сызықтардың неғұрлым айқын болуымен байланыстыруға болады.  Бас бармақты шалқайту қиынға соқса, ерік жігердің өте мықты болғаны.  Тамырлар  Алақанның сыртындағы көгіл
Қарау
Мандарин жемісінің қандай пайдалары бар?
Қарау
Иммунитетті нығайтатын қоспа
Қарау
Есте жүрер ережелер
Қарау
Беліңіз неге ауырады?
Қарау