Дәрігер кеңесі "Жүктілік кезінде темекі шегу"

 Жүктілік кезінде темекі шегу – анасынан гөрі, іштегі сәбиге екі есе зардап тигізетіні анық. Никотин жолдас арқылы өте оңай және тез енеді. Бұл заттың темекі тартқан әйелдің қан құрамынан гөрі ұрықтың тканьдерінде шоғырлануы жоғары. Темекі шеккен кезде тек никотин ғана емес, сонымен қатар, аса қауіпті 2500 химиялық заттар: тұншықтырғыш газ, бензопирен және радиоактивті изотоптар (аздаған мөлшерде болса да) ұрыққа зиянын тигізеді. Ал басқа улы заттар (мыс, тиоциант) ағзада темекі түтінінің  «өңделуі» нәтижесінде пайда болады. Мұның бәрі сәбидің дамуына айтарлықтай әсер етеді.

 Әйел темекісін шегіп болған соң, жолдастың қан тамырларының жиырылуы басталады да, ұрық бірнеше минут жеңіл түрдегі оттектің жетіспеушілігі (кислородное голодание) жағдайында болады. Анасы жүктілік кезінде үнемі темекі шегетін болса, ұрық созылмалы оттегі жетіспеушілігімен ауырады. Сондықтан ұрықтың жатыр ішінде дамуы тежеліп қалады. Темекі шегетін аналардың сәбилері туылғанда көбіне салмағы аз, жатырдан тыс өмірге бейімделуі қиын, денсаулығы нашар болып келеді.

 Шамамен, 25% әйел  жүктілік кезінде темекі шегуді жалғастырады. Жүктілік кезінде темекі шеккен әйелдердің балалары 16 жасына қарай қант диабеті немесе семіздік ауруына шалдығады. Темекі шегетін анадан туылған ұл балалардың жұмыртқасы  кіші мөлшерде болады да, темекі шекпейтін аналардың балаларына қарағанда, сперматозоид концентрациясы орташа есеппен 20% -ке төмен. Жүктілік кезінде темекі шеккен аналардың балалары да темекі шегуге бейім болып келеді.

 Бірақ қауіп тек анасының темекісінде ғана емес, басқа бір адамның шеккен темекісінің иісімен  ауа арқылы демалған  да ана мен болашақ сәбиге зиянды да қауіпті. Кейбір деректерге қарағанда, белсенді түрде темекі шегетін адам 20% улы темекі түтінімен дем алады, ал қалған 80% сол темекі тартқан адамның қасында тұрған адамға тиесілі екен. Өйткені, белсенді темекі шегетін адам канцерогендер мен мутагендерді фильтр арқылы дем алса, ал қасындағы адам еш алдын ала тазалықсыз дем алады екен. Сондықтан, жүктілік - тек әйелге ғана емес, оның жақындарына да темекі шегуден бас тартуға үлкен себептердің бірі. Сәбидің амандығы үшін  болашақ анасы мен әкесінің, басқа да жақындарының міндетті түрде  жасай алатын әрекеті - үйде темекі тартуды доғару.

 

Бахыт Дүйсембаева.  Алматы қалалық  №11 емхананың  дәрігер гинекологы.

0
түсініктер
Балалар күнге күйіп қалған жағдайда
Қарау
Қалай ұйықтаған пайдалы?
Қарау
Шомылу кезінде бұлшықет құрысуларын жою үшін...
Жаздың аптап ыстығында өзен-көлдерге шомылуға асығамыз. Ал, шомылу кезінде қауіпсіздікті сақтамаса арты жақсылыққа ұласуы екі талай екені анық. Сол қауіптіліктердің бірі, суға түскен кезде аяқ-қолдың құрысуы. Суға түскенде аяқ-қолыңыз құрысып қалса қайтпек керек?    Балаларыңызға тіпті ең мықты жүзгіштердің өзі батып кетуі мүмкін ек
Қарау
Бесік жыры - психоневрологиялық аурулардың алдын алатын бірден-бір тәсіл
Қарау
Жүктілік кезінде ісік пайда болса...
Қарау
Көз гигиенасы
Қарау
Дәрігер кеңесі "Жүктілік кезінде темекі шегу"
Қарау