Кеңседе отырып-ақ

 Күнделікті қарбаластан өзіңізге уақыт таппайсыз ба? Әсіресе, сағаттап бір орыннан қозғалмай отыратын кеңсе қызметкері болсаңыз, өзіңізге уақыт бөліп қана қоймай, үнемі жаттығу жасап тұру қажеттігін білетін боларсыз? Ендеше, жұмыс үстеліңізден алыстамай-ақ төрт түрлі жаттығу жасап, бойыңызды сергітіп, ойыңызды жинақтап алыңыз.

 

1. Жаттығу

 Орындықты үстелден біраз артқа шегіндіріп қойыңыз. Екі аяқты қосып, тік отырыңыз. Алақандарыңызды төмен қаратыңыз. Қолдарыңызды иықтың кеңдігінде алдыңызға барынша соза тік ұстаңыз. Алдыға созып, 2-3 секундтан соң шынтақты бүге қайта кейін тартыңыз. Қолды алға созғанда құрысып тұрған жауырын да жазылып, арқаңыздан жүк түскендей болады. Бұл жаттығуды 8 рет қайталаңыз.

 

2. Жаттығу

 Орындықтың сырт жағына тұрып, арқалығынан ұстаңыз. Өкшеңізді еденнен жоғары көтеріп, аяғыңыздың ұшымен тұрыңыз. Ішіңізді тартып, арқаңызды тік ұстаңыз. Дәл осы қалыпта денеңіздің үстінгі бөлігін қозғалтпай, екі аяғыңызды оңға бұрып, тізеңізді бүгіп, 5 секундтай тұрыңыз. Аяқты қайта тік ұстап, солға қарай бұрылып, жаттығуды 8 рет қайталаңыз.


 

3. Жаттығу

 Орындыққа отырып, денеңізді тік ұстаңыз. Қолыңызды алдыңызға созыңыз. 2-3 секунд бір қалыпта ұстап, одан кейін қайта арқа жіберіңіз. Орындықтың арқалығынан ұстап, тағы 2-3 секунд отырыңыз. Жаттығуды 10 рет қайталаңыз.

 

4. Жаттығу

 Ішіңізді тартып, денеңізді тік ұстап, орындықтың ұшына отырыңыз. Орындықтан мықтап ұстап, оң аяғыңызды бүге, тізеңізді еденге дейін тигізіңіз. Одан кейін сол аяғыңызбен дәл солай қайталаңыз. Жаттығуды әр аяққа 5 реттен жасаңыз.

 

 

 

Аударған: Құралай Мұратқызы

Дереккөз: takprosto.cc

0
түсініктер
Кивидің денсаулыққа пайдасы көп
Қарау
Дәрумендерді қайдан алуға болады?
Қарау
Адамның қолына қарап бойындағы түрлі ауруларды анықтаңыз
Бас бармақ  Бас бармақ пен сұқ саусағымызды біріктірсек, алақан ішінде сызықтар пайда болады. Олар өмірге деген құштарлықтың көрінісі. Ал өкпенің тазалығын сызықтардың неғұрлым айқын болуымен байланыстыруға болады.  Бас бармақты шалқайту қиынға соқса, ерік жігердің өте мықты болғаны.  Тамырлар  Алақанның сыртындағы көгіл
Қарау
Мандарин жемісінің қандай пайдалары бар?
Қарау
Иммунитетті нығайтатын қоспа
Қарау
Есте жүрер ережелер
Қарау
Беліңіз неге ауырады?
Қарау