Қыз ұзату дәстүрі жайлы не білесіз?

Қыз ұзату – екі жастың алғашқы қадамы, отау құруға бастар жол, екі елдің арасындағы байланысты қалыптастыратын ертеден келе жатқан ескі дәстүр. Осы тұрғыда ата-ана үшін бұл күн бақыт, ерекше қуаныш, үлкен жауапкершілік. Қызын құтты орнына қондыру барысында артылар салмағы да ауыр, өзіндік жөн-жоралғылары жетерлік:

 

Қыз танысу дәстүрі

Қыз баланың жеңгесі немесе жақын туысы, қыз аттанып отырған елдің жағдайы мен тұрмыс-тіршілігін көріп, таныс бола отырып туыстық орнатады. Қызды ұзатар алдында болатын салт.

Той малы – күйеу жақтан келгендер алып келетін, отау тігу тойында сойылатын мал. Оған қоса мұнда бағалы мата секілді қосымша сыйлықтар беріледі.

Құда түсу рәсімі келісілген соң дала заңы бойынша күйеу жағы «қалың мал» төлеуге тиіс. Бұл қазақ, қазақ болғалы бұлжымаған ежелгі дәстүр. Оның мөлшері құдалардың дәрежесі мен дәулетіне де байланысты, екі жақ келісе отырып шешеді. 

Сүт ақы- қалыңмалдың құрамдас бір бөлігі ретінде күйеудің қалыңдық анасына арнайы беретін сыйлығы. Сүтақы ретінде әр түрлі бағалы заттар, киім-кешектер сыйға тартылады. Сүтақыны құдалар қалыңдықты алуға барғанда арнайы салтанатпен, тойға немесе шығарып салу рәсіміне жиналған жұртқа көрсетіп, арнайы атап береді.

Күйеубала болса атасына «жігіт түйе» деген сый әкеледі. Бұған міндетті түрде түйе жағалы киім немесе қымбат бұйымдар, ер тұрман беріледі. 

Ал қызды дәстүр бойынша таң ата, күн шыға ұзатып, жөнелтеді. Оның алдында қыз қоштасу жырын, сыңсу айтуы қажет.

Ұзатылған қыз балаға арнайы жасау әзірленіп, тұрмыс-тіршілігіне керекті көрпе-төсек пен киім-кешектерін, кілем және әшекей бұйымдарын жасап, өзімен бірге аттандырып жіберу қыздың ата-анасының міндеті болса керек. Сондай-ақ, қыз баланы ұзату тойында қыз елінде молда екі жастың некесін қияды.

 

0
түсініктер
Табақ тарту ережелері
Қарау
Бесік
Қарау
Қыз ұзату дәстүрі жайлы не білесіз?
Қыз ұзату – екі жастың алғашқы қадамы, отау құруға бастар жол, екі елдің арасындағы байланысты қалыптастыратын ертеден келе жатқан ескі дәстүр. Осы тұрғыда ата-ана үшін бұл күн бақыт, ерекше қуаныш, үлкен жауапкершілік. Қызын құтты орнына қондыру барысында артылар салмағы да ауыр, өзіндік жөн-жоралғылары жетерлік:   Қыз танысу дәст
Қарау
ЖЫЛУ
Қарау
Қыздарды әсемдікке баулу
Қарау
Қалжа туралы не білеміз?
Қарау
Қызға қырық үйден тиым
Қарау