Жақсы көрші – тынысың

 Кешегі балаң жас ержете келе, отау көтереді, тұрақты мекен сайлап, жай салады немесе сатып алады. Сөйтіп, ол біреумен іргелес, жапсарлас-қоныстас болып шығады. Міне, содан бастап олардың ірге жақындығы (мүмкін, баладан балаға жалғасатын) пешенеге ырыс не сор болып жазылған тағдырластығына айналады. Сондықтан қай халық болсын, соның ішінде біздің Шығыс елінде, мұсылман түрік жұртында көршілікке ерекше зор маңыз беруден туған көршілік әдеп-инабат жосын-жоралғысы жасалған, көршілер  күнделікті тіршілікте соларды басшылыққа алып отырған. Оның жанды өзегін өзара сыйластық, тілектестік, қамқорлық, бірін-бірі ес, сүйеніш көрушілік, қалтықсыз сенім мен адалдық құраған. Сондықтан кімде-кім өзіне жаңа мекен, қоныс таңдағанда, болашақ көршілерінің қандай адамдар екенін немқұрайды қарамаған. Өйткені болашақ өмірдің көп қызығы мен шыжығы нақ сол көршілердің инабаттылықтарына, адамгершілік болмыстаына, тәлім-тәрбиесі мен рухани- мәдени өрісіне байланысты болатын қарым-қатынас сипаттарынан туындайды ғой!

 

Көршіңізбен тату болғыңыз келсе, төмендегі психологтың кеңесіне құлақ асыңыздар:

  • «Үй сатып алма, көрші сатып ал» деген мақалдың түпкі мақсаты жақсы көрші ырысың берекең.
  • «Жақсы көрші тапқаның-көп олжаға батқаның».
  • «Итің жақсы болса – ырысың, көршің жақсы болса-тынысың». Бұл жердегі «олжа», «тыныс» материалдық табыс, пайда ұғымын емес, сенім, құрмет, сүйеніш сыйластық, ауызбірлік-шын табысың, тіршіліктің бір ғанибнті сол дегенді білдіреді.
  • Атың жаман болса, сатып құтыласың,
  • Көршің жаман болса, қайтіп құтыласың,- деген мақалдың мағынасы: тыныштық пен татулық тілейтін иманды көршісінің шарасыздық халін бейнелейді.
  • Отты үрлей берсең, өшіресің, 

Көршіңді күндей берсең, көшіресің,- деген сөз көршіңе қиянат жасамауға, күндемеуге, қызғанбауға кекетіп мұқатуға болмайды.

  • Көршісіне жамандық тілеп тұратын адамның ниеті түзу емес. Жар дегенде жалғыз көршісі аш отырғанда, өзі ғана тоқ жүретін адам да сондай.
  • Туған-туысқандарға деген мейір-шапағаттылық, жайдары көңіл мен жақсы көршілік ел-жұртты мамыра жай һәм өмірді берекелі етеді.
  • Көршілеріңіз Сізді жақсы адам десе, онда Сіз-жақсысыз. Егер олар Сізді жаман десе, онда Сіз жаман адамсыз.
  • Көршілермен жақсы қарым-қатынаста болыңдар!

 

 

 

Дереккөзі: Ұ.Асылов, Ж.Нұсқабайұлы. Әдептану.

Дайындаған: ҚР «Қазақ психологиялық қоғамы» бірлестігінің мүшесі, психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы.

0
түсініктер
Табақ тарту ережелері
Қарау
Бесік
Қарау
Қыз ұзату дәстүрі жайлы не білесіз?
Қыз ұзату – екі жастың алғашқы қадамы, отау құруға бастар жол, екі елдің арасындағы байланысты қалыптастыратын ертеден келе жатқан ескі дәстүр. Осы тұрғыда ата-ана үшін бұл күн бақыт, ерекше қуаныш, үлкен жауапкершілік. Қызын құтты орнына қондыру барысында артылар салмағы да ауыр, өзіндік жөн-жоралғылары жетерлік:   Қыз танысу дәст
Қарау
ЖЫЛУ
Қарау
Қыздарды әсемдікке баулу
Қарау
Қалжа туралы не білеміз?
Қарау
Қызға қырық үйден тиым
Қарау