Шілдехана тойы

  Шілдехана тойы. Перзенттің шыр етіп дүниеге келіуі тек туған ата-анасының қуанышы ғана емес, бүкіл ауылдың қуанышы болып есептеледі. Міне, осы күндері «шілдехана», «шілде күзет», «шілдехана күзет» өткізіледі. Тойға жиналғандар сәбиге ізгі тілектерін білдірісіп, ән айтып, ойын ойнап, көңіл көтереді. Қазақстанның көп жерлерінде оны әйелдің «бойы бекігесін» жасайды.

 «Шілдехананы» Жетісу өңірінде «шілде күзету» деп атайды. Шілдеханаға ауыл үлкендері әдетте қатыспайды. Жаңа туған нәрестені әр түрлі жын-шайтан, перілердің салқынынан қорғап, күзеті  -  халық сенімі бойынша тек жастардың міндеті. Ерте заманда бесіктегі нәрестені күзету Ұмай анаға жүктелген. Оның сілемі қазақтарда соңғы уақытқа дейін келген. Шырақ жағып күзету  -  соның бір түрі. Жаңа туған баланы алғашқы күндері шырақ жағып күзетпесе, оны перілер әкетіп, орнына басқа бала тастап кетеді деген сенім болған...»

  Немерелі болған әже сүйінші сұратып, жас балалар мен келіндерін жан-жаққа жібертеді. Сүйінші сұраушылар «Кім туды?» деген сұраққа ұл болса «тізгін ұстар», «күл шашар», «ноқта жетектер», ал қыз болса «қырық жеті» деген сияқты тұспал сөздермен жауап қатады. Сүйіншіге ең жақын адамдары мал атап, кейбіреулер ақшалай-заттай мүлік беріп, әйтеуір қолын бос қайтармайды. Бөпелі болған қуанышты отауға ізгі ниеттерін білдіруге келген ауыл адамдары «Бауы берік болсын!» т.б секілді жылы лебіз, жақсы тілектерін айтады. 

  Жаңа туылған нәрестенің той-томалағында  жүрген әйелдер бөпені көрсетіп келушілерден көрімдік алады. Құтты болсын айтып келегендер: «Тіфа, тіфа! Тіл-көзім тасқа, өзі жаман бала екен», -  деп түкірген болып кетеді.

  «Туғанда дүние есігін ашады өлең» деп ұлы Абай айтқандай, қазақта ән-жырсыз өтетін мереке, қуанышты күндер жоқ. Көбіне жастар суырып салып өлең айтып, сөз қағыстырады.

 

 

Дереккөз: «Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл» атты кітап

0
түсініктер
Шұбаттың дәрілік, шипалық қасиеттері
Қарау
Балаға ат қою - ата-ана үшін жауапты іс
Қарау
Бесік жыры - балаға берілетін алғашқы тәрбие
«Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады» демекші, тәрбиенің мықты іргетасы отбасында қаланады.Бесіктегі баласына ана әлдиін, бесік жырын айтпаған қазақ әйелі жоқ шығар. «Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай…»  Бесікке бөленіп өскен баланың бір ерекшелігі – бесігін аңсап тұратындығында. Ондай бала өзінің
Қарау
Әйел мен еркек туралы қазақша мақал-мәтелдер
Қарау
Қазақ халқының әдет-ғұрыптары
Қарау
Дәстүрлі құндылықтар – азаматтық қоғам дамуының негізі
Қарау
Той малы 
Қарау