Сіздердің назарларыңызға бірнеше торт түрлерін ұсынамыз.

Қазақ – қонақжай халық! Бұған ешкім шүбә келтірмесе керек. Үйіндегі ең дәмдісін қонағының алдына жайып салатын қазақтың бұрынғы қарапайым, бал татыған құймағы қазір торт атанып, дастарханымыздың сәнін келтіреді. Сіздердің назарларыңызға бірнеше торт /құймақ/ түрлерін ұсынамыз.

 

  1. «Жеңгейдің сәлемі » торты
  • 200 г сары май
  • 200 г қаймақ
  • 3 стақан ұн
  • 1 шәй қасық ас содасы
  • Бисквит үшін: 4 жұмыртқа
  • 1 стақан ұн

Салынды үшін: 1 стакан алма пюресі

Ұн мен сары майды араластырып илейді. Үстіне тұз бен араласқан қаймақ құйып, қамыр жасайды. Содан соң қамырды майланған, терең табаға салып, қолмен бетін тегістейді. Қамырды қызып тұрған пешке /духовка/ қойып, бетін қызартып, қайтып алады. Пештен алған соң бетіне алма пюресін жағып, үстіне бисквит қоспасын құяды. Бисквит қызарып піскен кезде, пештен шығарып, бетіне қант ұнтағын себеді.

 

 

  1. «Бажа тату» торты
  • 500 г ұн
  • 4 ас қасық коньяк немесе ром
  • 100 г сары май
  • 100 г қант

Ұнның жартысына бір-біреулеп жұмыртқа сарысын қосып, быламыққа қосып қозғайды /миксер/. Оның үстіне коньяк не ром құйып қозғайды да, сары май мен қантты, тұзды, содан соң ұнды қосып қамыр илейді. Қамырды жұқалап жайып, майлы табаға салып, жоғары отта пісіреді.

 

  1. «Абысындар» торты
  • 1 жұмыртқа
  • 1 қалбыр қойырытылған сүт
  • 1 стақан қант
  • 0,5 шәй қасық ас содасы
  • 1 шымшыма лимон қышқылы
  • 1 стақан қатық
  • 2 шәй қасық какао
  • 2 стақан сүт

Жұмыртқа мен қантты араластырып, лимон қышқылы, какао, қойыртпа сүт пен қатықты әбден араластырады. Ұн қосып, қамыр илейді де, қызған духовкаға қойып пісіреді. Піскен тортты суытып, үшке бөледі. Ортасына крем жағып біріктіреді. Торттың бетіне крем жағып, шоколадты үккіштен өткізіп дайындайды да, тортты безендіреді. Екінші дайын тортты /корж/ да солай пісіріп, крем жағып, ақ-қара етіп бірінің үстіне бірін қалайды.

 

0
түсініктер
Қақталған тауық еті мен ерітілген ірімшіктен дайындалған дәмді сорпа
Қарау
Дәмді day
Қарау
Тауық етімен жұмыртқа құймағынан сорпа
Тауықтың кеудесі – 300гр Жұмыртқа – 3 дана Сәбіз – 1 дана Пияз – 1 дана Картоп – 2 дана Тұз және т.б. дәміне қарай Өсімдік майы – қуыру үшін   Тауықтың кеудесін тұзды суда қайнатып аламыз, төртбұрыштап кесіп, сорпаға қайтадан саламыз. Картопты төртбұрыштап турап, саламыз. Сәбіз
Қарау
Жазғы салат
Қарау
Түрік тәттісі «бахлава»
Қарау
Ірімшік қосылған балмұздақ
Қарау
Фаст Фуд тауық қанаттары (стрипсы)
Қарау