Түрік тәттісі «бахлава»

Бұл түрік тәттісін жасауға жүрексініп жүр едім. Сөйтсем, түк те қиын емес екен.  Оңай, әрі тез әзірленетін  әдісін ұсынып  отырмын.  Дайындап көріңіздер!


Қамырына: 

  • 3 стақан ұн 
  • 1 маргарин 
  • 1 стақан қаймақ 
  • 4 жұмыртқа сарысы 


Қамыр қопсытқыш (Разрыхлитель) 

Осыларды араластырып қамыр илейміз. Қамырды 3-ке бөліп тоңазытқышқа салып қоямыз. 


Салмасына: 

  • Жұмыртқаның ағы
  • 1 стақан қант  
  • Грек жаңғағы 


 Жұмыртқаның ағына 1 стақан қант  қосып, араластырамыз (миксермен). Содан соң қамырды алып, жаямыз. Бірінші қамырға салманы жағып, ұсақталған грек жаңғасын қойып шығамыз. Үстіне екінші қамырды жайып, салма, жаңғақ қосамыз. Үшінші қамырды да жайып, кесіп шығамыз. Бетіне ірі жаңғақтар қоямыз. Сосын пешке саламыз. 

Сироп: 

3-4 қасық балды жарты стақан сумен араластырып, газға  қайнатамыз. 
Пештегі бахлава пісуге жақындағанда сироп құямыз. Содан кейін  тағы 10 минуттай пеште піседі. 

Бахлава дайын.

 

 

Асыңыз дәмді болсын!

 

0
түсініктер
Тамағымның тұзы ащы...
Қарау
Жаңа жылдық салаттар мәзірі
Қарау
Канапе
Құрамы: 1 дана багет қара наны 200 г Пісірілген шұжық (варенная) Черии қызанағы 150 г балқытылған ірімшік Салат жапырағы бір орам Ақжелкен және аскөк   Дайындалуы:  Нанды кесіп оған балқытылған ірімшікті жағамыз. әр нанымызға бір-бір салат жапырақтарын қойып шығамыз. Черии қызанағын ортасынан бөлеміз. Шұжығымызды
Қарау
Жаңа жылдық жеміс салаты
Қарау
Итальянша тауық етін даярлау!
Қарау
Қақталған тауық еті мен ерітілген ірімшіктен дайындалған дәмді сорпа
Қарау
Дәмді day
Қарау