Итальянша тауық етін даярлау!

Бізге қажет болады:

  • 1 бүтін тауық, ауырлығы: 2 кг
  • 30 г жібітілген сарымай
  • 3 ст.л. ұнтақталған тәтті паприка
  • 1,5 ч.л. тұз
  • 1,5 ч.л. құрғақ тимьян

 

Тағамды жасауға кірісейік:
1)  Тауықты жақсылап жуып, оны жақсылап қағаз шашықпен сүртеміз. Ішін тұздап, аяқтарын байлаймыз. Сыртын сарымаймен майлап шығамыз.
Тауық
2)  Паприканы, тұзды және тимьянды араластырамыз.
Приправалар
3)  Тауықтың үстін осы приправалармен жақсылап сеуіп шығамыз (сүртудің қажеті жоқ). Пісіретін ыдысқа саламыз.
Тауық
4)  Алдымен духовканы 180 градусқа дейін жылытып аламыз, сонан соң тауықты 30-40 минут ішінде, тауықтың бетіндегі паприка қарайғанына дейін пісіреміз. Сонан соң тауықты фольгамен орап, тағы 1,5 сағатқа пісіруге жібереміз.

  Дайын болған тауықтың ең қалың жерін пышақпен тессеңіз, түссіз су шығады. Егер тауығыңыздың салмағы аздау 1,5-1,6 кг болса, 20-25 минут аз пісіресіз.
Дайын болған тауықты 10 минуттай бөлме жылулығында суытамыз. Сонан соң оны столға беруге болады.

0
түсініктер
Қамыр илеу құпиялары
Қарау
Ұннан жасалатын тағамдардың көтеріліп піскенін қаласаңыз
Қарау
Ас үйіңізде тұруы керек 10 тағам
1. Бал. Иммунитетіңізді қатайтып, күш-қуатыңызды арттырады. Сонымен қатар ас үйіңізде бал тұрса, қантты ұмытуға да болады. 2. Банан. Жүрек аурулары мен инсульттің алдын алуға көп көмегін тигізеді. Және оның құрамында бұлшық етке пайдалы калий элементі бар. 3. Геркулес. Тамырларыңызды тазалап, асқазан, ішек ауруларынан сақтайды. 4. Саумалды
Қарау
Сәбіз салаты
Қарау
Ірімшік туралы не білесіз?
Қарау
Қызылша салаты
Қарау
Көңіл күйді жақсартатын тағамдар анықталды
Қарау