Дәмі тіл үйіртер наполоен тортының оңай жасалу жолдары

Дәмі тіл үйіртер наполоен тортының  оңай жасалу жолдары

  • Май — 100 гр.
  • Қант — 1 стақан
  • Бал — 2 ас қасық
  • Жұмыртқа — 2 дана
  • Ұн — 400 гр.
  • Сода

Алдымен баяу жанып тұрған отқа ыдыс қойып ішіне май, қант, бал, екі жұмыртқаны салып араластырамыз.

Әбден араластырып болғаннан кейін үстіне 200 гр. ұн саламыз.

Ұн мен қоймалжын қоспаны толықтай араластырамыз.

Үстінен қалған 200 гр. ұнды салып, қамыр илейміз.

Дайын қамырды бөліктерге бөлеміз.

Қамырды жайып, майланған табаға салып, піскен кезде қамыр үрленіп кетпес үшін қамырға тесіктер жасаймыз. Сөйтіп алдын ала қыздырып қойған духовкаға қамырды саламыз да, күйіп кетпес үшін қарап тұрамыз (бір қамыр небәрі 3-4 минут піседі).

Торттың кремі үшін:

  • Қоюлатылған сүт — 1 банка
  • Сары май — 200 гр.

Қоюлатылған сүт пен майды қосып, үлпілдеген крем шыққанша миксермен араластырамыз.

Кремді барлық нандарға жағып, дайын тортты 5-6 сағатқа тоңазытқышқа салып қоямыз.

Тоңазытқыштан алып, торттың үстіне кез-келген өзіңізге ұнайтындай етіп безендірсеңіз болады.

 

Асыңыз дәмді болсын!

 

 

 

Дайындаған: Айдос Айгерім

Дереккөз: yvision.kz

0
түсініктер
Жаңа жылдық жеміс салаты
Қарау
Итальянша тауық етін даярлау!
Қарау
Қақталған тауық еті мен ерітілген ірімшіктен дайындалған дәмді сорпа
Қақталған тауық- 300 гр Ерітілген ірімшік – 3 қасық Картоп - 3 дана Сәбіз - 1 дана Пияз - 1 дана Аскөк – бетіне арнайы себу үшін Тұз және т.б дәміне қарай Өсімдік майы – қуыру  үшін   Қақталған тауықты қайнатамыз, піскеннен кейін сорпадан алып, тураймыз. Сосын сорпаға қайтадан саламыз. Картопты төрт
Қарау
Дәмді day
Қарау
Тауық етімен жұмыртқа құймағынан сорпа
Қарау
Жазғы салат
Қарау
Түрік тәттісі «бахлава»
Қарау