Сенің жарық жұлдызың жан дүниеңде

Өзіңді өр ететін – жақсы ойларың.

****

Сенің күлкің тот басқан жүректерді жібітуші ұлы күш екенін білесің бе?

****

Жамандық жасаған адамаға жақсылық жасап ұялта біл, сенің жылуыңды сезе білсін.

****

Сенің жүрегің қоқыс жинайтын жәшік емес, өзіңе ұнамайтын адамдар болса, оларды босат жібер.

****

Ешқашан мүсәпір адамның алдында тәкаппар болма.

Ешқашан тәкаппар адамның алдында мүсәпәр болма.

****

Сырты сұлудың бәрі жақсы емес,

Жаман адамның бәрі жаман емес.

****

Ойыңызда не бар айтып тастаңыз ішке жинамаңыз, сізді құртатын осы болады.

****

Білмесең сұра. Сұрағанда тұрған ұяттық жоқ,

Білімің жоқ бола, ең ұяты сол.

****

Сенің жан дүниеңдегі  жарық жұлдызды аша білуің тиіс, өзіңді дамытып өрле, самға, талма! «Тек алға» деп, ұмтылыс жаса.

****

«Жұрт не айтады?» деген ойдан боса.

Жұрт не демейді? Бәрін айтады! Бірақ есіңде болсын,

жақсы жағынан көрініс тап!

****

Менің үнемі айтатын бір сөзім бар. Бір арманың сені құлата білсе, екінші арманың сені алға жетелейді. Өз арманыңды сүй!

****

Айнаға қараңыз да, өзіңізге «Мен сені сүйемін» деп айтып көріңізші!

****

Ұсақ қуаныштарға да күле біліңіз, сізді шабыттандыратын осы ұлы күш ұсақ қуаныштардан тұрады.

****

Өзіңді жақсы көру үшін, жан дүниеңді бірінші жақсы көр. Ішкі жан дүниеңіздің саулығы ең маңызды болып табылады.

 

 

Сіздерге сәттілік тілеймін!

 

0
түсініктер