Ой түзелмей, бой түзелмейді.

Адам  баласы қаншалықты  терең  ойланғанмен  де,өз ойымен көп уақытқа дейін арпалысып жүруі мүмкін. Әртүрлі адамдар адамның ойлауына, дамуына қарым-қатынасына әсер етеді.

Адамның іштей күйіп пісуі, іштей жануы – мұның бәрі де адам баласының жанын жегідей жеп құртып жіберуі мүмкін.

 

Ендеше, ойымызды түземейінше, жақсы ойлар мен жақсы жетістікке жетуіміз мүмкін емес.

  • Таңертең  жақсы оймен ояныңыз.
  • Күніңіз жақсы өтсін десеңіз, бір жақсылық жасауға тырысыңыз.
  • Адамдардың сізге жаман айтқан пікірін қабылдамауға тырысыңыз.
  • Адамдармен сөйлесу барысында, жақсы пікір айтуға тырысыңыз.
  • Ойыңыздағы жаман ойдан арылу үшін, спортпен айналысуға тырысыңыз.
  • Ренжіген болсаңыз, мән бермеңіз.
  • Көңіл-күйіңізді көтеретін әуенді тыңдауға тырысыңыз.
  • Қарсылық танытатын жандармен күресудің бір жолы үндемей құтылу ондай адамдармен санасудың қажеті жоқ.
  • Күліп жүріңіз сізге күлген жарасады.
  • Жаман ой мен біреуге жамандық ойламауға тырысыңыз. Біреуге атқан оғыңыз, өзіңізге келіп қайтады.
  • Ойды тазартудың бірден бір жолы өзгелер туралы жаман ой ойламау.
  • Біреудің жасаған жамандығын, жақсылықпен қайтаруға тырысыңыз.
  • Ой мен жүрек бір байланыста жүрекке неғұрлым жақсы дүниелерді ұялатсаңыз, ойыңызда жаныңызда тазарады.
  • Азғындық пен ашуланшақтық денсаулықтың түбіне жетіп, адамды рухани азғындыққа апарады.
  • Жүрегіңіз мейірімге, жаныңыз шуаққа бөленсін. Ойыңыз тек жақсылықтардан тұрсын.

 

Сәттілік тілеймін сіздерге!

 

0
түсініктер