Маған әлем қарап тұр! Менің күлкім – жанның дертіне ем!

 Мен бала күнімде Жоңғар алатауының биік шыңы Бесбақанға қарап: «Шіркін, мен осы биік шыңның еріген мұзбалағы болсам ғой», -  деп іштей қатты армандадым. Көзіме күннің  шуақ сәулесі түссе, көзім жұмылып күлкім келіп кетеді. Бүгінде сол бала күлкім армандарға  жетуіме септігін тигізді.  Армандар орындалады! Оған сеніңіз!

 

  • Күліп жүріп армандарға жетуге болады.
  • Сенің күлкің өзгелердің тот басқан жүрегін де жібіте алады. Сенің күлкің – Тәңірдің берген керемет сыйы.
  • Күлімдеп жүруге тырысыңыз.
  • Күніне бір жақсылық жасаңыз, адам сонда ғана кемелдену сатысына көтеріле алады.
  • Күніне жақсы ойлар ойлаңыз. Мысалы: өзіңізді аспандағы биік жұлдызға теңеңіз.
  • Адам армандау арқылы көп жетістіктерге жетуге болады.
  • Жаныңызды жадыратар әсем әуен тыңдаңыз.
  • Ренжіткен адамыңыз болса, кешірім сұрап, көңілін аулаңыз. Тәкәппар болмаңыз.
  • Көңіл-күйіңіздің көтеріңкі болғаны жақын жандарыңызға да, әріптестеріңізге де, қуаныш сыйлайды.
  • Ашуланшақтық пен уайымшылыдық қатерлі ісік ауруларына алып баратындығы дәлелденген. Оны жеңудің бірден-бір жолы жүзіңіздегі күлкі екенін ұмытпаңыз.
  • Сіз әрдайым  «Маған әлем қарап тұр» деген оймен әдемі киім кисеңіз, әдемі күлімдесеңіз, әдемі жұмыс атқарсаңыз, онда сіз кемелдену сатысына қарай өрлей түсесіз.
  • Сіз күні бойы жақсы жүріп, айналаңызға қуаныш сыйласаңыз, сіздің жүрек соғысыңыз да, қан айналым жүйеңіз де жақсарады.
  • Адам баласы болғандықтан, күнделікті өмірдегі қиындықтар адамды мазасыз күйге түсіріп, одан қалса, денсаулықтарына біршама зиян келтіреді.Сіз уайымдап азап шеккеніңізбен, ешқандайда сізге пайда келтірмейді. Қайта жан дүниеңізге ауыр тиіп, тұйықтала түсесіз.
  • Сіздің бүгінгі күлкіңіз ертең қайтып келмейді.
  • Күлкі – адам жанын жібітетін ұлы күш.

                    

Әр күніңізді жақсылықтарға арнап күлімдеңіз!

 

 

0
түсініктер