Психолог-кеңесші Балжан Нұрғалиқызының «Өзіңді таны» атты авторлық жобасы

 Біз анамыздың тар құрсағын жарып шығып, «Сен өмірге келдің балапаным» атты жаңа өмірмен қауышамыз. Сізге азан шақырып есім қояды. Бүгінде сіз толысып ес білетін жағдайға жеттіңіз. Алайда сіз өзіңіздің жан дүниеңіздегі жақсы қасиеттеріңізді  жақын жандарға көрсете алып жүрсіз бе?

 Немесе өзіңізді жақсы жағынан  тани алып жүрсіз бе?

 Сізге қай қасиетіңіз ұнамайды?

 Ендеше өзіңді тануды менің психологиялық кеңестеріммен  бірге бастайық.

 

  • Сіз қойылған есіміңізге қаншалықты мән бересіз және соған лайықты жақсы қасиеттеріңізді көрсете алып жүрсіз бе?
  • Өзіңе бір қарап қойшы әлі жассың неден қорқасың?
  • Неге бұлай қорқасың?
  • Әректесіздікті доғар!
  • Үнсіздіктің шегі жетті.
  • Өзгелердің сен туралы не айтатыны толғандырмасын.
  • Кигің келген киімді ки.
  • Айтқың келген сөзді айт.
  • Тыңдағың келген музыканы тыңда.
  • Дауысыңды барынша көтеріп, билеп те ал.
  • Ертең жұмыс немесе сабақ демей, түнделетіп серуенге шығып тұр.
  • Қазіргі кезбен өмір сүр тәуекелге бар.
  • Құпияңмен бөліс.
  • Бұл өмір сенікі.Және ол ешкімдікі емес!
  • Өзіңді танымасаң сен кімді танисың.
  • Бір уақыт болса да жүрегіңе құлақ салып тыңда, ол сенің құйтырқы еркелігіңе де көніп келді сен өз жүрегіңді еркелете біл жақсы сөз айт!
  • Айнаға қараған кезде сіз өзіңізді емес жан дүниеңіздің айқайын естисіз.Айнаға қарап тұрып сіз неге өзіңізге жақсы сөз айтпасқа.
  • Сіз өзіңізді дамытпасаңыз  сізді ешкім көтермейді.
  • Өмір сүр, қуан, шаттан, өмір саған бір қиындық берсе сен оны мың қуанышпен қайтар!
  • Біз өмірге айқаймен келеміз, сыбырмен кетеміз. Ал қалған уақытта тек күлкімен өмір сүруге тиіспіз.
  • Күлкі – Күн: ол адамның жүзінен қаһарлы қысты қуады.
  • Есіңде болсын сенің көңіл-күйіңнің жоқтығы, бояусыз түрің мен келбетің ешкімге де керек емес.
  • Сен өзіңінің әдемі келбетіңмен жарқын бейнеңмен, ашық мінезді күлкіңмен адамдардың есінде қал!
  • Адамдарға бақытты екеніңді көрсет!
  • Өзіңді танып, адам бол!
0
түсініктер