Ана сүтінің пайдасы сәби үшін қаншалықты маңызды?

 Біріншіден ана сүтінің пайдасы баланы мейірімді болуға тәрбиелейді.Сәбидің тіршіліктегі ең алғаш татар нәрі-анасының сүті. Ана сүті-өмірге жаңа келген сәби үшін бірден-бір таптырмайтын қорек. Ана сүтін беру интеллектуалды және эмоционалды дамудың жақсы негізін қалайды. Ал ана сүтін ембеген бала көп жағдайларда аурушаң болып өседі.

 Сәбилік кезең бала туылған сәттен бастап, екі жасқа дейін жалғасады. Құранда сүт ему уақыты екі жыл екендігі айтылған. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) екі жасына толмай шетінеген ұлы Ибраһим жайында: «Оның сүт анасы жаннатта. Қалған сүтін сонда еміп, екі жылын тәмамдайды»,- деп, сәби үшін сүт ему кезеңінің 2 жыл екендігін меңзеген.

Сәби мұрнында сүт иісін тез сезетін қасиет дамыған. Соның арқасында жас нәресте ерніне тиген нәрсеге дереу ауыз салып, еме бастайды. Тіпті туылғанына жарты сағат өтпей жатып, оның еміп кетуі таңғаларлық. Ему кезінде баланың бүкіл ағзалары жұмыс істейді. Бір қызығы, бала өскен сайын ана сүтінің құрамындағы қоректік заттар да қоса өзгеріп отырады. Бұл оның ғажайыптылығы,қазақтың әлжуаз балаларды көргенде «уызға жарымаған» деп жатуының мәні осы. Мамандардың айтуынша сүт қоспаларында кездеспейтін 400 түрлі қоректік зат ана сүтінде ғана кезеседі. Мысалы сиыр сүтіне қарағанда емшек сүтінде балаға пең керекті А,Е,Д дәрумендері көп.

Емізудің ана мен балаға пайдасы 

 Психологтердің айтуынша, емізу кезінде шешесінің бар жан-тәнімен сәбиді көкірегіне қысуы, аймалауы, бөбектеуі, сөйлеуі, еміренуі, мейірленуі, маңдайынан иіскеуі сылап-сипап, еркелетуі арқылы бала мен ана арасындағы ұзақ жылдарға жалғасатын өзара сүйіспеншілік, махаббат, қимастық сезімдері қалыптасады, баланың физикалық әлеуметтік, психологиялық, рухани жан дүниесі толысады. Ал сүт қоспаларымен қоректендіруде бұндай жылы сезімдердің болмасы анық. Ана сүтін емген балалар тез табысқыш, адамға жұғымды болып өседі. Ал ана сүтін ембей өскен балаларда жасөспірім шақта қатігездік, қылмысқа бейімдік көп байқалған. Емізу баланы да, ананы да жайлы сезімге бөлейді. Сәбидің тәтті ұйқыға кетуі сүт арқылы жүзеге асады. Баланың борпылдатып емуі ананың денесін жұмсартып, еміренуін арттырады, шаршағанын басады. Баламаен қатар ананың жүйке жүйесіне де емізудің пйдасы зор. Психолог маман ретінде айтар болсам шыныменде анасын екі жасқа дейін емеген бала, көп ауыра бермейтін мейірімді бала болып өседі.

 

2. Бала неге жылайды?

 Жаңа туған сәбидің сөйлейтін тілі бола ма? Егер болмайды десеңіз, онда қателесесіз. Қандай да бір қажеттілік туғанда сәбидің қолданатын тілі-жылау. Бала өз мазасыдығын жылау арқылы білдіреді. Ол- ештеңеге шамасы келмейтін, тым әлсіз, әлжуаз жас сәбиге жасалған  Құдай Тағаланың рақымы.

 Сәбидің өз өмірін іңгәләп бастауында үлкен мән бар. Өйткені, осы жылаудың арқасында сәбидің өкпесі ашылып, тыныс алу әрі жүректің қалыпты жұмыс жасауы жақсарады. Сол себепті, өмірге жаңа келген сәби міндетті түрде жылауы тиіс. Сәбилердің 70-80 пайызы туа салысымен өздігінен жылайды. Егер жыламаса, арқасын сипап, аяқ-қолынан қағу арқылы баланы жылату керек.

 Бетез Ұлттық  денсаулық сақтау институтында (АҚШ, Мэриленд штаты) жүргізілген зерттеу нәтижесінде өте көп жылайтын әрі бір жастан асқанда өте көп шыңғыратын балаларда физикалық әрі психолгиялық ауытқушылықтардың жиі кездесетіндігі анықталған. Сол себепті, мамандар кейде ата-анасының қалай уатса да көнбей көп жылаған балаларды педиатрға қаратқан жөн деген кеңес беруде. Жылаған балалар көбіне қолға алып құшақтағанда барып уанады. Бұл кездейсоқтық емес .Жатырдағы соңғы төрт айын анасының жүрек дүрсілін естумен өткізген сәби кейіннен сол жүректің дүрсілін естумен өткізген сәби кейіннен сол жүректің дүрсілін естімеген уақытта мазасыздана бастайды. Қолға алынғанда, естіген жүрек дүрсілі оны қайта тыныштандырады. Ондай да сәби өзін қауіпсіз сезінеді. Сол себепті, бала жылаған уақытта оны жұбату үшін алдымен қолға көтерген дұрыс. Емізу немесе тербету де- баланы жұбатуда өте жақсы әдіс. Үш айдан асқанда анасының сөйлеген сөздеріне бала жұбана бастайды. Төрт айлығында бала көрген қызылды-жасылды нәрселерге, ойыншықтар мен естігендеріне алдана бастайды. Сәби сүтке тойған күннің өзінде қыңқылдап жыласа, онда шешесінен мейірім мен жан жылуын күткені деп ұққан дұрыс. Сүт оның материалдық қорегі болса, оған көрсетілген мейірім- рухани қорегі болып табылады.Байқасаңыз бала әркелкі жылайды. Кейде ызаланғанда бақырып қатты жылайды. Тәжірбиесі мол әйелдер жылаған даусына қарап-ақ баланың не сұрап тұрғанын біле қояды. Өйткені, жылау-бала мен ана арасындағы құпия тілдесу.

 Бір қызығы, бала қаншалықты алыста болмасын арадағы телепатия арқылы шешесі оның мазасызданғанын немесе ашыққанын сезе алады. Ұйқысы қатты әйелдердің баласының жылауына қалай оянатындығы тылсым жұмабақ-ақ.

 Қорыта келгенде, әр үйден періште сәбидің дауысы үзілмей, шешелерінің соларды жұбатып әлек болып жатқанына не жетсін!

 Үйлеріңізден сәбидің жылаған үні емес. Сәбидің шат күлкісі естілетін болсын.

 

3. Ана баласына қаншалықты мейірімді болуы тиіс?

 Әр баланың өз несібесі мен ырыздығы болады. Баланы жақсы көру мейіріммен тәрбиелеу әр ананың қолынан келе бермеуі мүмкін.

  • Баланы жақсы көру, мейірімділікке тәрбиелейді.
  • Балаңыздың  айтар сөзіне мән беріңіз.
  • Баланы кішкене күнінен бастап,жақсы сөздерді құлағына сіңіруге үйретіңіздер.
  • Баланы жақсы тәрбиеге үйреткіңіз келсе өзіңіз жақсы болыңыз.
  • Балаңызды мұңайған кезде, мақтау сөздер айтыңыз.
  • Отбасының шаттыққа бөленуі,от анасына байланысты ал ер азаматы қорғанышы ғана.
  • Жылулықты да сездіретін әйел адам,бақытты отбасын шат-шадыман шаттыққа бөлейтін анасы,мен баласы. Ал сол отбасының шаттыққа бөленуі анасы мен әкесінің қолында.
  • Баланың бақытты болуы,анасы мен әкесіне байланысты.Сонда ғана бала да бақытты болады.
  • Ана неғұрлым өз баласын, сезіммен шын жүрекпен сүйсініп жақсы көрсе бала өскенде мейірімді болып өседі.
  • Әкесімен анасының мейіріміне қанығып өскен бала,болашақтың жарқын жүзді тұлғасына айналары сөзссіз.
  • Балалы үй базар,
  • Баласыз үй қу мазар деп,қазақ халқы бекер айтпаса керек.Бала болған   үйде шаттықта,қуанышта болады.Баланың күлкісі мен қылығы қай жанды да,қызықтырмай қоймайды.

Бұл айтылған кеңестер бала тәрбиесінің маңызын арттыруға сондай ақ,өз баласын түсінбей жүрген ата-аналар да бар.Кінәні баладан іздегенше,өзіңіздің қандай ана екеніңізді ойланыңыз. Бала сіздің іс-әректіңзді қайтлаушы ғана. Баланың бақытты жүзін көргіңіз келсе,осы айтылған кеңестерді жүзеге асырып көріңіз.

 

4.Болашақ аналарға айтар ақыл кеңесіңіз қандай?

  • Сіздің ішіңізе бала біткен күннен батап,сіздің балаға деген көзқарасыңыз қандай болды?
  • Баланы ішке біткен күннен бастап тәрбиелесеңіз,сіздің жақсы ана болғаныңыз.
  • Сіздің сөйлеген сөзіңіз,тыңдаған әуеніңіз балаға әсер етіп қоймайды.Сіз күні –түні ұялы телефонмен,теледидарға телмірумен күніңіз өтсе балаңыздан нені күтуге болады?
  • Кейін балаңыз өсе келе,балабақшада болсын,мектепте болсын жоқ менің балам тәртіпті,олай болуы мүмкін емес деуден бұрын сіз балаңызға қандай тәрбие бердіңіз?
  • Балаңыздың бұзық болуы,мәдениетсіз болуы сіздерге байланысты ата-анлар өзгеге кінә тағудың қажеті жоқ.
  • Балаңызға қымбат ұялы телефондарды сыйға тартудың қажеті жоқ.Келіспейтінде боларсыздар мысалы 1-7 сынып оқушыларына немесе одан да, кішкентай сәбилерге дейін сыйлап жатады.Қазіргі күні бұл үрдіс,өз жалғастығын табуда.Түптеп айтқанда сәнге айналды.
  • Ата-ана ойланыңыз?
  • Сіз балаңызды қымбат дүниелермен бақытты етем деп ойлайсыз ба?Олай емес жанның жылулығы жоқ болса,балаңыздың жан дүниесі ауыр күйге түседі.
  • Менің тәжірбиеме сүйенетін болсақ,мазасыз, тынымсыз,балам деп айтып жатады.Мені тыңдамайды, сіз көмектесіңізші маған дейді, кейбір аналар.Сонда әлгі мазасыз баланы құшағыңа қысып жақсы сөзбен ақ көңілін табуға болады.Бұл шындық тек мейірімді жүрек керек.
  • Ақша бала үшін көңілдің кілті болуы мүмкін,алайда жабырқаған бала жүрегін жұбата алмайды.
  • Баланың жабырқаған көңіл-күйін жан жылуыңызбен сезіндіріңіз.
  • Бір бала үшін қымбат ойыншық арман болса,бір бала үшін мейірімнің жоқтығы қарнын аштырады.Алайда қолы қалаған дүниесіне қол жетіп тұр.Біз қайда барамыз аналар?
  • Сіз қайда қарап,сіз не істесеңіз,не тыңдасаңызда балаңызда соған қарай тәрбиеленеді.
  • Жаны мазасыз, баланың тәрбиесіз болуы сізге байланысты анасы.Ортасы,достары т.б адамдар болса да, сізге қарап тәрбие алады өйткені сіз оның анасысыз

 

Ұлт болашағы жақсы ананың тәрбиесінде. Баланың бойына бесік жыры мен ертегіні бойына сіңіріп өсірсеңіз балаңыздың болашағы жарқын болады. Ұлттық түп тамырымыз ұлттық тәрбиеде жатыр.

 

 

 

0
түсініктер