Жан дүниеңіз сұлу болсын

Жан дүнием деген сөздің өзі терең мағына әрі күрделі әлем.

                                                         Балжан Нұрғалиқызы

 

Адамдар бұл күнде тән сұлулығына көңіл бөліп жан дүниесінің әлемінен ажырап қалып жатады.

Жан дүниеңіз сұлу болу үшін сіз қандай қадамдар жасап жатырсыз?

Жан дүниеңіздің сұлулығымен мақатана аласыз ба?

Өзіңіз туралы жақсы пікір айта аласыз ба?

Осы үш сұрақты өзіңізге қойып көріп қорытынды жауапқа қандай тұжырым шығарар едіңіз. Әрине іштей біраз қиналасыз жан дүниеңіз сұлу болу үшін жақсылық ойлар ойлаңыз.

Адамның басына дарыған дарыған төрт түрлі нәрсеге халықтар мен қала тұрғындары қол жеткізсе,олар бұл өмірде дүние бақытына, басқа өмірде алыс бақытқа жетеді. Бұлар теорялық ізгіліктер,ойшылдық ізгіліктер,этикалық ізгіліктер,практикалық өнерлер.

Әбу Насыр Әл-Фараби

Осы  төрт нәрсе әр адамның жан дүниесінен орын алса кемел адамаға айналары сөзссіз.

 

Жан дүнеңіз сұлу болу үшін төмендегі кеңеске құлақ асыңыздар:

  • Күлуге құштарлану, жаныңыздағы жандарға керемет ауа-райын сыйлайды.
  • Жарқырап көріну үшін де, әдемі жан дүниеңізді көрсете білуіңіз қажет.
  • Сізді сыйлаған жанды құрмет тұтыңыз, сыйлық жасаңыз.
  • Бір күнде он жақсы сөз айтыңыз,жақын жандарға көңіл бөліңіз. Көңілін көтеріңіз.
  • Әңгіме барысында жаныңыздағы жанның көңіл-күйі түсіп тұрса, жағдайын сұрап  көңілін көтеріңіз.
  • Сіз өзіңіз айналаңызға жарқын болып күліп жүрсеңіз басқа жандар да, сізге қарап бой түзеуі де мүмкін.
  • Көңілді жүруіңіз басқа жандарға да әсер етеді мысалы:сіз көңілді сәтіңізде көңіл-күйі жоқ жанның көңілін көтеріп жақсы сөз айтсаңыз солда оған жұбаныш әрі алданыш.
  • Бәрінен де көңіл қымбат, көңіл қалса адамда кекте сатқындық пайда бола басатайды.
  • Бір күнде бір жақсылық жасаңыз.
  • Ұнатқан жаныңызды жақсы сөзбен қуантыңыз.
  • Ең қымбат асыл дүние ашық жүзділік пен әдемі күлкі.
0
түсініктер