Күлімдеу арқылы бақытқа кенелесіз

Күлімдеу – жаныңа шуақ сыйлайтын ерекше сәуле.

                                             Балжан Нұрғалиқызы

 

 Өмірдің күйбең тіршілігі адамның психикалық күйін және мінез-құлық ерекшеліктерін әлсіретіп жібереді.

 Ең басты қағида, таңертең оянған шақта күлімдеп оянсаңыз, күні бойы сергек көңілді сезінесіз. Ал ешқандай да ынта-жігеріңіз жоқ болса, күніңіз де солай өтуі ғажап емес.

 Ендеше төмендегі кеңеске құлақ асыңыздар:

  • Сіз күлімдеген шақта жүрек соғысы мен қан тамырларының қызметі жақсарады.
  • Асқазанға тамақ барған кезде, көңіліңіз марқайып ашуыңыз тарқайды. Дәл сол сияқты сіз күлімдесеңіз, аш тұрған жүрегіңіз бен қан тамырлары нәр алып көңілдене түседі.
  • Қабағы қатулы жанды күлімдеп қарсы алыңыз өзіне қарап ойлансын.
  • Ренжіткен адамыңыз болса, кешірім сұрап көңілін аулаңыз. Тәкәппар болмаңыз.
  • Көңіл-күйіңіздің көтеріңкі болғаны жақын жандарыңызға да, әріптестеріңізге де қуаныш сыйлайды. Бастысы – сіздің денсаулығыңыз.
  • Ашуланшақтық пен уайымшылыдық қатерлі ісік ауруларына алып баратындығы дәлелденген.
  • Күлімдеу – шығынсыз келетін олжа.
  • Күлімдеу – жаман энергияны өлтіруші ұлы күш.
  • Күлімдеу – жан дүниеңіздегі қоқыс жәшігін тазалаушы.
  • Күлімдеу – жаны жабырқаған жанға шабыт сыйлаушы.
  • Күлімдеу – өзіңіздің жан дүниеңізді қанағаттандыру.
  • Күліп жүріп бақытсыздықтан, күйзелістен құтыласыз.
  • Өзіңізді бақытты сезінгіңіз келсе, жақсы ойлар ойлап күлімдей аласыз.
  • Жаман ойлап тұрып өтірік күлімдеу – арсыз жандарға тән.
  • Шынайы күлімдеп шынайы өмір сүріңіз.

 

 

 

Дайындаған: ҚР Қазақ психологиялық қоғамы бірлестігінің мүшесі, психолог-кеңесші Балжан Нұрғалиқызы Қанапияев 

 

0
түсініктер