Жарнамалық үзіліс кезінде... 

Кешкілік қызықты сериалды тамашалаудан кім бас тартады? Қызықты оқиға желісі, ертегі махаббат, ең бастысы сымбатты актер - бәрі қосылып телидадар алдында бір сағат, кейде одан да көп уақыт отыруға мәжбүрлейді. Тіпті жарнамалық үзілісімен қоса тамашалаудан бас тартпаймыз. Ал сол жарнамалық үзіліс уақытын пайдалы шаруаларға жұмсауға болатынын ойландыңыз ба? 


Ыдыстарды жуып тастаңыз. 2-3 минуттық жарнамалық үзіліс ыдыс жуып тастауға жеткілікті. 

10 рет отырып-тұрып, 10 рет денені еденнен көтеруге болады. Теледидарды тек жатып көру керек дегенді кім айтты? Қимыл-қозғалыста болыңыз. Сүйікті бағдарламаңыздың үзілістері кезінде физикалық жаттығулар жасап тұрыңыз. 

Қоқыс шығарыңыз. Бұл екі-үш минут қана алады, кейін қоқыс шығару керек деген проблемадан арыласыз. 

Отырған бөлмеңізді жинастырыңыз. Жарнамалық үзіліс кезінде кішігірім сенбілік жасап жіберуге де болады. Барлық артық заттарды орын-орындарына қойыңыз. 

Бір стақан су ішіңіз. Күніне 2 литрдей су ішу денсаулыққа пайдалы екенін білетін шығарсыз. 

Шаңдарды сүртіңіз. Жарнамалық үзіліс кезінде теледидардың шаңын, ол тұрған үстелді, DVD – ойнатқышты және т.б. сүртіп шығыңыз. 

Ертеңге бутерброд дайындап қойыңыз. Өзіңізге таңғы ас дайындап қойыңыз. Бұл таңертеңгі уақытыңызды үнемдеп, жұмысқа уақытылы баруыңызға ықпал етеді. 

Хат жіберіңіз. Үзіліс кезінде бірнеше электронды хаттар жіберіп үлгересіз. 

Кітаптың бірнеше бетін, не блогтарды оқып шығуға болады. Теледидардың даусын сөндіріп, оқуға кірісіңіз. 

Істеу керек істердің тізімін жасаңыз. Ертең қандай жұмыстарыңыз бар, қағазға жазып қойыңыз. 

Ертеңге киімдеріңізді дайындап қойыңыз. Алдын-ала дайындап қою арқылы, таңғы уақытыңызды үнемдейсіз. 

Төсек салып қойыңыз. Жатуға әлі ерте болса да, төсектің дайын тұрғаны біраз уақыттан кейін тіпті қуантып жібереді. 

Телефон соғыңыз. Досыңыздан бірдеңе сұрау керек болса, тезірек телефон соғып, мәселені шешіп алыңыз. Немесе ата-анаңызға телефон шалып, сізде бәрі жақсы екенін айтып қойыңыз. 

Тістеріңізді ысыңыз, бетіңізді тоникпен тазалаңыз, крем, не маска жағып алыңыз. 

Таңертең киетін киімдеріңізді үтіктеп қойыңыз. 

Аяқ-киіміңізді тазалап қойыңыз. 

Пайдалы бірдеңе жеңіз. Дәрумен, не болмаса жеміс-жидекті жуып, жеңіз. 

Пульттің Mute кнопкасын басып, тыныштықта отыра тұрыңыз. Өмірде мүлгіген тыныштықта отырып, ләззат алатын сәттер аз. Сондай мүмкіндікті жібермеңіз.

 

Дереккөз: vk.com

0
түсініктер
Әмиянды дұрыс таңдап үйреніңіз 
Қарау
Компот қайнатудың қағидалары
Қарау
Мамандардан кеңес:
Кәсіби модель болмасақ та, дәл солар секілді бәріміздің суретке әдемі түскіміз келетіні анық. Кей жағдайларда мінсіз сымбатымызға қарамастан, суреттен семіз көрінеміз. Мұның себебі камераның адамды көлемді етіп көрсетуінде. Суреттеріңіз ойдағыдай шықсын десеңіздер, бірнеше кеңестерімізді пайдаланыңыздар. Ал кеңестерімізді оқымас бұрын, өз-өзің
Қарау
Бойыңыз қысқа болса...
Қарау
Бала тәрбиесі: қоғамдық орындарда өзін ұстауға үйрету
Қарау
Бақытты болу үшін күніне қандай үш сөзді айту керек?
Қарау
Балалармен үй жануарлары
Қарау