Жүйке жүйеңіз қандай? 

Күнделікті кездесетін ұсақ-түйекке тез шамданып, жиі ашуланбайсыз ба?! Өмірде болатын түрлі тартысты жағдайларды ұстамдылықпен шеше аласыз ба? Бұл сұрақтардың жауабын төменгі тест арқылы білетін боласыз. Сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз. 


1. Көңіліңіз тез түседі ме? 
2. Жүйкеңізді босаңсыту сізге қиын ба? 
3. Ұйқысыздық сізде жиі болады ма? 
4. Ұйықтататын дәрілер қабылдайсыз ба? 
5. Ішкі күйзелістің әсерінен ушығып кететін сырқатыңыз жоқ па? 
6. Үрейіңіз қашып, тыныштығыңыздан айрылатын кездер бола ма? 
7. Өзгелердің сіз жайлы не ойлайтыны сізді мазалайды ма? 
8. Қаржы жайлы уайымға батасыз ба? 
9. Оңай ұялып қаласыз ба? 
10. Өзіңізді жасықпын деп санайсыз ба? 
11. Телефон шырылдағанда, селк ететін кездеріңіз жиі бола ма? 
12. Денсаулығыңызды уайымдайсыз ба? 
13. Өзіңізге жүктелген міндеттер тым көп деп санайсыз ба? 
14. Ұсақ-түйекті уайымдайсыз ба? 
15. Кептелістер шамыңызға тие ме? 
16. Қараңғыдан қорқасыз ба? 
17. Қобалжыған кезде даусыңыз дірілдей ме? 
18. Тынышталдыратын дәрілер қабылдайсыз ба? 
19. Бәріне қолыңызды бір сілтеп, бәрін тастап кеткіңіз келетін кездер бола ма? 
20. Уайымшылсыз ба? 
21. Жиі қобалжисыз ба? 
22. Тез қызарасыз ба? 
23. Жолыңыз болмаған сәттерде, жиі көңіліңіз түсе ме? 
24. Қонаққа немесе достарыңызбен отырысқа, сауық кештерге барар кезде қобалжисыз ба? 
25. Үстіңізден күлгенде ренжисіз бе? 
26. Шу ашуыңызға тие ме? 
27. Жаңа адамдармен танысу сізге ұнай ма? 
28. Қойылатын түрлі талаптар сізді ашуландыра ма? 
29. Жатар алдында сыртқы есіктің құлпын бірнеше рет тексересіз бе? 
30. Мерекелік кеш, жиындардың дайындығына көп уақыт жұмсайсыз ба? 

Нұсқамалар: 
Әр «иә» деген жауабыңызға 1 ұпайдан, әр «жоқ» деген жауабыңызға – 0 ұпайдан қойып шығып, жинаған ұпайыңызды санаңыз. 

Тесттің нәтижесі: 
20 – 30 ұпай. Мінезіңіз өте қызба, тез ашуланасыз. 
10 – 20 ұпай. Сіздің бойыңызда аздап қызбалық бар. 
5 – 10 ұпай. Сіз мүлдем аушланбайсыз. 
5 ұпайдан төмен. Сіз таңғаларлықтай сабырлысыз.

 

Дереккөз:vk.com

0
түсініктер
Демалыста балалардың дұрыс тамақтануын қалай қамтамасыз етуге болады?
Қарау
Адамға қанша дос керек? 
Қарау
Ақылды болсаң, неге кедейсің? 
Иә, байлықтан гөрі бақытты болған дұрыс дейтініміз бар. Десек те, бақуатты өмір сүру әркімнің-ақ қалауы. Қалталылар санатына қосылу да әркімнің  бір қолынан келе бермейді. Бірақ назар салар бір кілтипан бар.   Бірде шопанға «Сені патша қылсақ қайтесің» деп сұраса «Қойды жылқыға мініп бағар едім» депті. Деуі
Қарау
Сіз қай сағатта туылып едіңіз?
Қарау
 Ешкімге айтуға болмайтын жеті құпия қандай?
Қарау
Жарнамалық үзіліс кезінде... 
Қарау
Жүйке жүйеңіз қандай? 
Қарау