Күлкінің адам денсаулығына пайдасы 

"Күлкі – өмірді ұзартады", "Жауыңа қарап ашуланба, бір жымиып қана күл" деген дана сөздерді бала кезімізден бері естіп келеміз. Шын мәнінде күлкінің пайдалы жағы бар ма? 


Күлкі – ауруды басатын дәрі
Эндорфиндер, бақыт гормондары ауруды баса алатын қасиетке ие. Онымен қатар егер адам позитивті ойлап, күле білсе, аурудан тез айығып кетеді. 

 Күлкі жүрек, өкпеге пайдалы әрі иммунитетті нығайтады 
Адам күлген уақытта қан тамырлары кеңейіп, қысым азаяды. Демек ұстамалы жүрек ауруына шалдығу қаупі төмендейді. Өкпе жұмыс істегенде, қан құрамындағы оттек көбейеді. Ал бұл өз алдына қатып қалған қақырықты шығаруға көмектеседі. Сондай-ақ ағзада вирус, бактериялармен күресетін элементтер бөлінеді. 

Күлкі – теріңізді жақсартады 
Адам күлгенде бет бұлшықеттері сергіп, қан айналымы жақсарады. Тері өңі тәуірленіп, екі бет алмадай қызара түседі. 

Күлкі – қарым-қатынасты жақсартады 
Көңіл-күй жақса болса, жақындарыңызбен қарым-қатынас та қалыпты болады. Егер біреуге ренжулі, ашулы болсаңыз, күлкілі бейнебаян не фильм көріңіз. Сонда ағзаңызда бөлінген эндорфиндер мұң мен ренішті жоқ етеді. 

Күлкі – спорт
Ұзақ күлген соң адамның пресс, бет бұлшықеттері ауырып кетеді. Неге? Себебі күлген уақытта иық, мойын, бет, арқа сияқты тағы басқа да 80-ге жуық бұлшықет жұмыс істейді. Бір минут күлкі фитнестегі 25 минут жаттығумен тең.

 

Дереккөз: vk.com

0
түсініктер
Демалыста балалардың дұрыс тамақтануын қалай қамтамасыз етуге болады?
Қарау
Адамға қанша дос керек? 
Қарау
Ақылды болсаң, неге кедейсің? 
Иә, байлықтан гөрі бақытты болған дұрыс дейтініміз бар. Десек те, бақуатты өмір сүру әркімнің-ақ қалауы. Қалталылар санатына қосылу да әркімнің  бір қолынан келе бермейді. Бірақ назар салар бір кілтипан бар.   Бірде шопанға «Сені патша қылсақ қайтесің» деп сұраса «Қойды жылқыға мініп бағар едім» депті. Деуі
Қарау
Сіз қай сағатта туылып едіңіз?
Қарау
 Ешкімге айтуға болмайтын жеті құпия қандай?
Қарау
Жарнамалық үзіліс кезінде... 
Қарау
Жүйке жүйеңіз қандай? 
Қарау