Тәмсіл

Жел әдемі Гүлді кездестіріп, оған ғашық болыпты. Ол нәзік самалымен Гүлді желпігенде — Гүл де өз махаббатын білдіріп, хош иісін шашады. Бірақ, Желге ол аздық етіп: 
— Егер, мен Гүлге бар күшіммен үрлесем, оның иісі — одан да тәтті болатын шығар, — деп, Гүлге бар күшімен үрлейді. Бірақ, Гүл қатал боранға төзе алмай — сынып қалыпты. Жел Гүлді қайта тұрғызбақ болып, қанша әлектенгенімен, қолынан ештеңе келмеді. Содан соң, қайтадан нәзік самалымен үрлегенде, гүл — есін жиғандай болды. Сонда жел: 
— Мен саған махаббатымның бар күшін бердім, алайда сен сынып қалдың. Сенің маған деген махаббатың күшті болмаған сияқты. Демек, сен мені сүймегенсің, — деді ашуланып. Бірақ, гүл — еш жауап қатпай, өліп қалды. 


Түйін: Сүйген адам — күшпен ешкімді сүйдіре алмайды, керісінше, нәзік сыпайылығымен ғана баурап алады. Махаббат, ол — нәзік сезім.

0
түсініктер
Демалыста балалардың дұрыс тамақтануын қалай қамтамасыз етуге болады?
Қарау
Адамға қанша дос керек? 
Қарау
Ақылды болсаң, неге кедейсің? 
Иә, байлықтан гөрі бақытты болған дұрыс дейтініміз бар. Десек те, бақуатты өмір сүру әркімнің-ақ қалауы. Қалталылар санатына қосылу да әркімнің  бір қолынан келе бермейді. Бірақ назар салар бір кілтипан бар.   Бірде шопанға «Сені патша қылсақ қайтесің» деп сұраса «Қойды жылқыға мініп бағар едім» депті. Деуі
Қарау
Сіз қай сағатта туылып едіңіз?
Қарау
 Ешкімге айтуға болмайтын жеті құпия қандай?
Қарау
Жарнамалық үзіліс кезінде... 
Қарау
Жүйке жүйеңіз қандай? 
Қарау