Қабырғаны бүлдірмей сурет ілу

Суреттерді бетонды бұрғыламай, қабырғадағы әдемі түсқағазды зақымдамай ілу — көпшілікті қызықтыратын сұрақтардың бірі. Осы уақытқа дейін суретті қабырғаға ілу үшін шеге мен балға ғана керек болатын. Қазіргі кезде үйлердің көпшілігі бетоннан тұрғызылып, оған шеге қағу мүмкін емес. Бүгінгі материалда суреттерді және басқа да бұйымдарды қабырғаға бекітудің негізгі жолдары туралы жазамыз.


 Жеңіл суреттерге арналған әдіс
 Түйреуіштер мен жапсырма шегелер. Ең қарапайым әдіс – түйреуіштер немесе кеңселік жапсырма шегелер қолдану. Түйреуіштер бұрыштағы түсқағазға ілінеді және суретті алып тастаған кезде артынан көрінер-көрінбес тесік қанақалдырады. Ал жапсырма шегелерді түсқағазға және боялған гипскартонды қабырғаға бірдей бекітуге болады. Олардың бір кемшілігі – жеңіл суреттер менплакаттарды ғана көтеруінде.

Екі жақты скотч.

 А4 көлеміндегі жеңіл суретті қабырғаға екі жақты скотчтың көмегімен бекітуге болады. Алайда скотчтың мата негізіндегі түрін таңдаңыз. Себебі мата скотч ауыр салмақты көтере алады. Ыңғайына қарай алсаңыз, түсқағазда да, гипскартонды қабырғада да скотчтың орны немесе желім қалмайды. Скотчты алған кезде қабырғада із қалмас үшін скотчтың ұшын қабырғаға қарағанда 90 градус бұрышпен алыңыз.

Тігін инесі.

 Ерекше әрі нәтижелі әдіс. Тігін инесі темір және берік болып келеді. Иненің көзін тістеуікпен аздап бұрамыз, ал үшкір басын қабырғаға кіргізіп жібереміз. Инеден соң шегеге қарағанда кішкентай ғана із қалады.

Сұйық шеге.

 Ол желімнің бір түріне жатады. Сұйық желіммен ауыр суреттерді де бекітуге болады. Алайда ол қабырғада ұзақ тұрады. Мұндай желімді орнын ауыстырмаймын деген суреттер ілуде қолдансаңыз болады.
 

Полимер желім.

 Бұл желім соңында майлы іздер қалмайды. Ауыр бұйымдарды периметрі бойынша, ал жеңілдерін өз қалауыңызбен желімдей аласыз. Желімдеген соң, қатты қысып ұстап, белгілі бір затпен тіреп, түнге қалдырыңыз.

Кәсіби әдіс
 Егер үйдің қабырғасы тегіс және фактуралық түсқағаздармен қапталмаған болса, онда сурет ілуге арналған арнайы жолақтарды қолданыңыз. Олардың пішіндері әр түрлі. Ілгіші бар және жоқ түрлері де болады. Оны қолдану жеңіл әрі сенімді. Суреттерге арналған мұндай жапсырмалар қабырғаны зақымдамайды және артынан із қалдырмайды. Жапсырманың бір жағы қабырғаға, екіншісі суретке жабыстырылады.

 

Дереккөз:vk.com

0
түсініктер
Тәмсіл
Қарау
Әр адам жіберетін қателіктер
Қарау
Үйдің энергетикасын тазалау 
Үйдің энергетикасы неден және қалай нашарлуы мүмкін?  Энергияны біз көзбен көрмесек те, оның барын жоққа шығара аламаймыз. Бөтен адамдардың арам ойлары, тіл-көздері, жаман ниеттері үйдің энергия тепе-теңдігін бұзуы мүмкін. Одан басқа, жаңа қоныстанған үйдің бұрынғы иелері сол үйде қалай тұрып, не істегені де энергия ретіне сақталып қалады.
Қарау
Балмұздақтың пайдасы бар
Қарау
Тыртықтан арылу жолы
Қарау
Жолы болмайтындарға кеңес
Қарау
Адамды қалай жұбату керек? 
Қарау