Дәріні қайда сақтау керек?

 Көптеген адамдар дәрі-дәрмектерді ас үйде немесе ванна бөлмесінде сақтайды, кейбіреулер оларды ұйықтар алдында қолдануға ыңғайлы болу үшін, ұйықтайтын бөлмесінің терезе алдында қалдырады. Бұның бipeyiде дұрыс шешім емес.


 Көптеген дәрі-дәрмектер кұрғақ, салқын, жарықтан тыс жерде, жылытатын және қыздыратын аспаптардан қашықтықта сақталуы тиіс.

 Ас үйде әдетте тамақ әзірлегендіктен ыстық болады, ванна бөлмесінде - шамадан тыс ылғалдық жоғары, ал дәріні терезе алдында ұзақ мерзім сақтауға болмайды, ceбeбi олар күн сәулесінің тікелей әcepінe ұшырайды. Сонымен қатар, дәрі қобдишаңызды өзіңіз немесе сіздің туыстарыңыз көп уақыт болатын бөлмелерде - ұйықтайтын, балаға арналған бөлмелерде сақтамаңыз.

 Егер сiз сәбиге балаларға арналған жағымды дәмі бар дәрілерді бepceңіз, дәм, балада басқа дәрілермен орайластырмауы тиіс. Сіздің үйіңіздегі дәрі қобдишасы және оның ішіндегісі оның көңілін алаңдамауына қамданыңыз. Дәрі қобдишасын баланың көзінше ашпаңыз, оған ешқашан оның ішіндегі, тіпті залалсыз заттармен ойнауға рұксат бермеңіз. Баланың әуесқойлығын оятпаңыз.

 Есте сақтаңыз! Дәpiлepді баланың қолы жетпейтін жерде сақтау керек. Бірақ, үйдің дәpiі қобдишасы ересектер үшін қолайлы болуы және қажет уақытта дәpінi іздестіруде ыңғайсыздық туғызбауы керек.

 Үйдің дәрі қобдишасын жоғары сөреге немесе ауыз үйдегі жабылатын шкафқа қою керек. 
Суық жерде сақтауды қажет ететін дәрі-дәрмектердің үлкен тобы бар. Олардың қатарына балауыздар, көптеген көз тамшылары, кремдер, линименттер және майлар, егуге арналған ерітінділердің көп түpлеpi, кейбір ферментті дражелер кіреді.

 Ең жақсысы бұл препараттар үшін тоңазытқышта жеке контейнер бөлген дұрыс. Дәл айтқанда, казіргі заманғы тоңазытқыштарда дәрілерге арналған арнайы бөлім бар. Осындай камераның болуына немесе болмауына тәуелсіз, әйтсе де дәрілерді тоңазытқышта қосымша ылғалдан қорғаған ләзім және мұздататын камерадан қашығырак орналастыруга тырысыңыз.

 Есте сақтаңыз! Дәріні сақтay үшін ыстық пен суық. мүлдем сәйкес келмейді! Дұрысы мұз басқан дәрі-дәрмектерді қолданбау.

Дәріні неде сақтау керек? 
Ең дұрысы дәріні стандартты желім, темір қораптарда сақтайды. Үйдің дәрі қобдишасын жинақтау және сақтау үшін, кейс, жәшік немесе сөмке түрінде шығарылатын дайын зауыттық контейнерлер өте қолайлы. Осындай контейнердегі бірнеше бөлімшелер, дәрілерді және басқа да кұралдарды белгілі кезекте орналастыруға мүмкіндік береді Қажет кезде контейнерді әрқашан өз жаныңызға немесе науқастың төсегіне қоюға болады. Егер контейнер жабық болса, дәріні шашып алу мумкіндігі болмайды.
Таза картонды корапта сақтауға рұқсат етіледі ең бастысы, ол жеткілікті кең және ыңғайлы болуы керек.
Дәріні қолдану бойынша нұсқаумен жеке орамада сақтаған өте маңызды және барлық дәрілік препараттарда этикеткалар болуы тиіс.

Флакондағы дәрілерді тығыздап жауып сақтау керек, ceбeбi ашық жағдайларда кейбір препараттардың суалуы, өзіне сіңіруі әлде ұшпа заттарды бөлуі немесе ауа оттегісімен реакцияға түсуі мүмкін.

Дәріні қалай сақтау керек?
Бәрінен бұрын, дәрі-дәрмектерді сатып алғаннан кейін, оның сақталу шартына көңіл аудару керек. Бұл мәліметтер әдетте препараттарды қолдану бойынша нұсқауда және ораманың сыртында көрсетіледі Егер бұл кезде нұсқауда температура тәртібінің мөлшелері мен сақтау ерекшеліктері көрсетітсе, түсінікті болады. Бірақ, көптеген препараттарда былай көрсетіледі «Бөлме температурасында сақтау», «Салқын және күн сәулесінен қорғалған жерде сақтау», «Құрғақ және күн сәулесінен қорғалған жерде сақтау» және басқа.

Хабардар болыңыз:

  • егер қолдану нұсқауы бойынша бөлме темпера¬турасында сақтау ұсынылса немесе температура көрсетімеген болса, онда ол препаратты 15°С-тан 25°С-қа дейінгі температурада сақтау керек;
  • егер салқын жерде сақтау ұсынылса, онда ол препаратты 8°С-тан 15"С-қа дейінгі температурада сақтау керектігін білдіреді;
  • қараңғы жерде сақтау көрсетілсе, ол дәрi-дәрмекті күн сәулесінен қорғалған жерде сақтау қажет;
  • құрғақ жерде сақтау көрсетілсе, онда дәрі дәрмекті ауа ылғалдығы салыстырмалы 60 пайыздай болатын жайларда сақтау қажет.

 

Дереккқөз: vk.com

0
түсініктер
Тәмсіл
Қарау
Әр адам жіберетін қателіктер
Қарау
Үйдің энергетикасын тазалау 
Үйдің энергетикасы неден және қалай нашарлуы мүмкін?  Энергияны біз көзбен көрмесек те, оның барын жоққа шығара аламаймыз. Бөтен адамдардың арам ойлары, тіл-көздері, жаман ниеттері үйдің энергия тепе-теңдігін бұзуы мүмкін. Одан басқа, жаңа қоныстанған үйдің бұрынғы иелері сол үйде қалай тұрып, не істегені де энергия ретіне сақталып қалады.
Қарау
Балмұздақтың пайдасы бар
Қарау
Тыртықтан арылу жолы
Қарау
Жолы болмайтындарға кеңес
Қарау
Адамды қалай жұбату керек? 
Қарау