Аватарыңызда қандай сурет тұр?

Қазіргі заманда қоғамдық желілердің өміріміздегі орны өте зор. Ғаламтор арқылы танысып, дос болатындар қатары көбейді. Алайда қоғамдық желідегі аватардың артында шын мәнінде кім отырғанын қалай білуге болады?


 Психолог ғалымдардың айтуынша қоғамдық желілерге құмар жандардың қандай да бір аватардың таңдауының себептері бар. Яғни адамның тек аватарын көріп, оның мінезі жайлы кейбір қорытындыға келуге болады.

 Аватарына жұлдыздардың суреттерін қоятын жандар заманауи және қызығушылықтары мол болады. Олар әлемдік жаңалықтар, шоу-бизнес хабарларынан қалмайды. Өзінің қызығушылықтары мен хоббилері туралы айтқанды ұнатады.

 Аватарына өз суретін қоятындар ғаламторға бейберекет танысуды іздеп келгендер емес. Ол өзінің анонимдығын сақтағысы келмейді, анкетасында өзі жайлы шын жазып, біреумен танысса да, өзі жайлы өтірік соқпайды. Бұл адам өте ашық, көңілді, шыншыл болады. Өмірде өз ойын ашық айта алатын батыл адам.

 Аватарына жануардың суретін қоятын адамдардың тіпті мінезін болжау оңай. Мысық - жылы, мейірімді адамды, ит - адал кісіні көрсетеді. Әр жануар атаулысы бір ерекше өзіндік қасиетке ие. Осыдан бұндай аватарды таңдаған адамның мінезі туралы айтуға болады.

 Мультфильмдер кейіпкерлері қазірде аңдардың суреттерінен де танымал болды. Осындай аватар таңдаған кісі өзінің мінезіне келетін, немесе сондай болуын қалайтын кейіпкерді таңдайды. Немесе олардың сол кейіпкермен тағдырлары ұқсас болуы мүмкін. Сонымен аватарында Шрек тұрған жан - дәу және мейірімді, Чебурашка-юзер - мұңлы және жалғыз болуы мүмкін.

 Ландшафтты аватарларды қарапайым адамдар таңдамайды. Космос, тау, өзен-көл, гүлдер мен әсем жерлер суреттерін терең ойлауды ұнататын жандар таңдайды. Бұндай жанның психолог, философ не архитектор болуы әбден мүмкін. Онымен әлем әсемдігі, өмірдің мәні мен болмыс жайлы әңгімелер жақсы жүреді.

 Фотошоп не басқа да бағдарламалармен салынған не өңделген, эксклюзивті аватарлар адамның шығармашылығын көрсетеді. Мінезі түсініксіз, қиын болып көрінеді. Алайда оның ойлау қабілеті басқалардан өзгеше болып, қарапайым нәрселерде жаңа заттарды көре алады.

 Аватарында өзінің өмірлік хоббиін не қызығушылығын көрсететін адамдар өзінің қызығушылығы бойынша дос тапқысы келеді. Ол өз өмірлік стилін сол суретпен көрсетіп, өзіндей жандарды іздейді.

 Аватарына бейтаныс өте сұлу жігіт не қыздың бейнесін қоятындар ғаламторда жаңа таныс іздеп жүргендер қатарынан. Олар бірден өзінің шын түрін көрсеткісі келмейтіндіктен, аватарына бейтаныстардың суреттерін қояды. Сол арқылы басқалармен сөйлескенде ұялмай, өзін өте ашық, тартымды, батыл жан ретінде көрсетеді. Алайда өмірде де сондай болуы екіталай.

 Тарихи тұлғаның суретін аватарына қоятындар өзінің сол тұлғамен мінездерінің ұқсастығын көрсеткісі келеді. Қоғамдағы рөлі сондай болуын қалайтын олар, өмірлеріндегі оқиғаларды да ортақтастырады.

 Ұсқынсыз, қорқынышты суреттерді аватарына қоятын жандар көбінесе өзіне сенімсіз, тұйық болып келеді. Осылайша қоршаған ортадан тығылып, қорғанғанды жөн санайды. Қорқынышты аватар юзерге өзінің жаман жақтарын өмірде емес, ғаламторда көрсетуге мүмкіндік береді.

 Автарын жиі ауыстыратын адамдарға келетін болсақ, олар мінезі тұрақтанбаған жандар қатарына жатады. Бұл қасиет жас адамдарға тән.

 

0
түсініктер
Әмиянды дұрыс таңдап үйреніңіз 
Қарау
Компот қайнатудың қағидалары
Қарау
Мамандардан кеңес:
Кәсіби модель болмасақ та, дәл солар секілді бәріміздің суретке әдемі түскіміз келетіні анық. Кей жағдайларда мінсіз сымбатымызға қарамастан, суреттен семіз көрінеміз. Мұның себебі камераның адамды көлемді етіп көрсетуінде. Суреттеріңіз ойдағыдай шықсын десеңіздер, бірнеше кеңестерімізді пайдаланыңыздар. Ал кеңестерімізді оқымас бұрын, өз-өзің
Қарау
Бойыңыз қысқа болса...
Қарау
Бала тәрбиесі: қоғамдық орындарда өзін ұстауға үйрету
Қарау
Бақытты болу үшін күніне қандай үш сөзді айту керек?
Қарау
Балалармен үй жануарлары
Қарау