Өтпелі кезеңде оқушы қыздар қалай өзгереді?

Өтпелі кезеңде өзімді-өзім түсінбеймін

Өтпелі кезеңде ішкі жан-дүниемізді өзіміз түсініп болмаймыз. Бұл әдеттегі өтпелі кезеңнің қиындықтарына тап болуымызбен байланысты. Осы уақыт аралығында біздердің мінез-құлқымыз бен дүниеге деген көзқарасымыз өзгереді.


Ол өзгерісті өзіміз де байқаймыз
 Осы кезеңде өзімізді қалай ұстайтынымыз туралы айтып көрейік. Жасымыздың кішкене болғанына қарамастан, боянып, құрбыларымызбен қыдырып көргіміз келеді. Мұнымен қатар сыртқы келбетімізге көңіліміз толмайды. Кей қыз парталасына ғашық болып, ешкімге айта алмағандықтан, күнделік бастайды. Би кештері, жаңа киім, достарды сынау – мұның барлығы қызық. Алайда қызықтың буымен жүріп, қауіп-қатердің бар екенін де естен шығармауымыз керек. Ата-анамыз біздің жылдам өзгерісімізден қорқып, әрбір басқан қадамымызды бақылауға алғысы келеді. Ал біз өз кезегімізде «Мен кішкентай бала емеспін ғой!» деп қарсылық танытамыз. Мұның барлығы да отбасындағы қиындықтарға алып келеді. Сол себепті олардың «қатаң бақылауына» түсіністікпен қарағанымыз жөн.

Көпшіліктің ортасында өзімді қалай ұстаймын
 Өтпелі кезеңде өзімізге лайық көңіл-көтеруге қолайлы немесе мектептегі қызықтарды бірге айтатын орта іздей бастаймыз. Әр ортаның өзіне ғана тән талаптары бар. Бір қызығы сол ортаға сіңісу үшін өзімізге ұнамайтын іс-әрекеттерді жасауға мәжбүр боламыз. Жаман әдеттерді жасағаныңыз үшін сізді көтермелеген ортадан бойыңызды аулақ салғаныңыз жөн. Ол жаман әдеттер ата-анамызға сөз қайтару, өз бетімізше әрекет жасау, үйге кешігіп бару сынды болуы мүмкін. Жаман ұсыныстардан бас тартып үйренейік. Бұл әрекетіміз үшін бізге жағымсыз сөздер айтса да, іштей қадірлейтін болады. Өйткені олардың «жоқ» деп айтуға батылдығы жетпейді. Ал сіз батыл да ақылды қызсыз. 

Сыртқы келбетім өзіме ұнамайды
 Өтпелі кезеңде сыртқы келбетімізге көңіліміз толмайды. Өзімізді өзгертуге ұмтыламыз. Алайда өсіп, өзгеріп жатқанымызды түсінуіміз керек. Әр қыздың өзіне ғана тән сұлулығы бар.

Бұлай ойлайтын біз ғана емес
 Бүгіндері сұлу қыздардың өтпелі кезеңде дәл біз секілді сыртқы келбетін ұнатпағанын білесіз бе? Олар да бұйра шаштарын түзулетіп, аяғым қисық деп белдемшеден бас тартып, өзгеруге тырысқан. Алайда өскен соң өзгелерге ұқсамайтын ерекшеліктерінің табиғат берген сұлулық екендігін түсінген. Осының арқасында дәл қазір ханзадалардың жүрегін жаулауда.

Қалай киінеміз?
 Осы кезеңде бозбалаларға да қызыға бастаймыз. Оларға сүйкімді көріну үшін, әдемі киімдер киюге тырысамыз. Ұл балалар бәрінен де ашық-шашық киінбейтін, жинақы жүретін қыздарды ұнатады екен.

Ерекше екенімізді есте сақтайық!
 Өтпелі кезең бізді шатастырып жібереді. Қандай қиындыққа тап болсақ та, өзімізді ерекше адам екенімізді ұмытпайық!

 

0
түсініктер
Демалыста балалардың дұрыс тамақтануын қалай қамтамасыз етуге болады?
Қарау
Адамға қанша дос керек? 
Қарау
Ақылды болсаң, неге кедейсің? 
Иә, байлықтан гөрі бақытты болған дұрыс дейтініміз бар. Десек те, бақуатты өмір сүру әркімнің-ақ қалауы. Қалталылар санатына қосылу да әркімнің  бір қолынан келе бермейді. Бірақ назар салар бір кілтипан бар.   Бірде шопанға «Сені патша қылсақ қайтесің» деп сұраса «Қойды жылқыға мініп бағар едім» депті. Деуі
Қарау
Сіз қай сағатта туылып едіңіз?
Қарау
 Ешкімге айтуға болмайтын жеті құпия қандай?
Қарау
Жарнамалық үзіліс кезінде... 
Қарау
Жүйке жүйеңіз қандай? 
Қарау