Бүгін тағы кешіктіңіз бе?

Жұмыста кәсіби қызметкер болып танылғыңыз келсе, не оқуда үздік әрі тәрбиелі студент боламын десеңіз, кешігу әдетін қоюыңыз керек. Бұл жолда біздің кеңестеріміз көмектесіп қалар.


 Басқаларға бірден-бір оғаш көрінетін қасиеттердің бірі де - осы. Алайда көп жағдайда біз әдейі кешікпейміз, ерте оянып, тез жиналуға тырысамыз. Онда неліктен кешігеміз? Бұл жаман қасиеттен қалай арылуға болады?

 Дайындықтарды ұйқының алдында жасап қойыңыз
 Ертең не киетіңізді таңдап, үтіктеп қойыңыз. Телефонның қуатын тексеріп, қажет болса, қуаттаңыз. Киіміңізге жарасатын сөмкені таңдап, ішіне қажетті заттарды жинап қойыңыз. Ертеңгі істерге қажет құжаттар, флешканы ұмытпаңыз. Таңертең тек дайын киімді киіп, сөмкеңізді ұстап кетесіз.

Таңертеңгі душ
 Көпшіліктің ойынша, таңертеңгі душқа бір сағаттан кем емес уақыт бөлу керек. Шашыңызды түйіп, суламасаңыз да болады. Тек денені шайып, күні бойы сергек болып жүресіз. 5 минуттан көп уақыт талап етпейтін таңертеңгілік душ басқа істерді тезірек жасауға күш беріп, уақытыңызды үнемдейді.

Қосымша 30 минут
 Таңертең 8-де де, 8:30-да да ояну қиын. Сондықтан өзіңізді аямай, ертеңгі оятарды 30 минутқа ертерек қойыңыз. Қосымша 30 минут сізге асықпай жиналып, ұсақ-түйектерге уақыт береді. 

Сағатыңызды алға жылжытыңыз
 Жұмысқа әдетте неше минутқа кешігесіз? Сағатыңызды сонша уақытқа асықтырсаңыз, келсі жолы уақытында жете аласыз.

Уақытты санаңыз
 Таңертеңгі істерге қанша уақыт құртасыз? Бір таңды қолға сағат пен қалам-қағаз алып өткізіңіз. Жиналуға, жолға, таңғы асқа қанша уақыт кететінін есептесеңіз, таңертең қай уақытта ояну керек екенін білетін боласыз.

Марапаттау мен сөгіс
 Жұмысқа не сабаққа уақытында келгеніңіз үшін марапат, кешіккеніңіз үшін сөгіс дайындаңыз. Кешіккен күндері жұмыста кешке дейін отырып, жұмысыңызды аяқтап кетіңіз, ал оқуда сабақ біткеннен кейін кітапханаға барып, қосымша сабақ жасаңыз. Немесе кешке үйге келгеннен кейін үй жинаңыз. Уақытында келсеңіз, кешке достарыңызбен кездесіңіз немесе түскі асқа қосымша тәтті алыңыз.

Неліктен кешігесіз?
 Кешігулеріңіздің себебін тауып көріңіз. Мүмкін сізге жұмыс не оқуыңыз қызық емес болар? Немесе әріптестеріңіз не группаластарыңызбен онша достаса алмаған боларсыз? Себебін түсінгеннен кейін, мәселені шешуге кірісіңіз.

 Бастысы өзіңізге күнделікті "Мен - сәтті, тәрбиелі, жинақы, ұқыпты адаммын" деп қайталаңыз.

 

Дереккөз: Қыздарға пайдалы кеңестер

0
түсініктер
Демалыста балалардың дұрыс тамақтануын қалай қамтамасыз етуге болады?
Қарау
Адамға қанша дос керек? 
Қарау
Ақылды болсаң, неге кедейсің? 
Иә, байлықтан гөрі бақытты болған дұрыс дейтініміз бар. Десек те, бақуатты өмір сүру әркімнің-ақ қалауы. Қалталылар санатына қосылу да әркімнің  бір қолынан келе бермейді. Бірақ назар салар бір кілтипан бар.   Бірде шопанға «Сені патша қылсақ қайтесің» деп сұраса «Қойды жылқыға мініп бағар едім» депті. Деуі
Қарау
Сіз қай сағатта туылып едіңіз?
Қарау
 Ешкімге айтуға болмайтын жеті құпия қандай?
Қарау
Жарнамалық үзіліс кезінде... 
Қарау
Жүйке жүйеңіз қандай? 
Қарау