Бір рет сатып алып, әрдайым өсіруге болатын 8 көкөніс

Дастарханыңызда әрқашан жаңа піскен көкөніс болсын десеңіз, төмендегі әдіс-тәсілдерді пайдаланып отырыңыз.

Көк пияз

null 

Кішкентай стақанға су құйып, көк пиязды түбімен салып қойсаңыз, ол қайта өсіп шығады. Өсетін бөлме жарық болуы керек.

Сарымсақ

null

Сарымсақ саптаяқтағы суда жақсы өседі. Сарымсақ бүршіктерінің дәмі өте жағымды, оларды салаттар мен соустарға қосуға болады.

Бок-чой (қытай қырыққабаты)

null

Жарық жақсы түсетін бөлмеге өсімдіктің тамырын суға салып қойыңыз. Оны сол жерде 1-2 апта бойы ұстаңыз, осыдан кейін қырыққабатты құмыраға отырғызуға болады. Ол сонда толыққанды өсіп-өнеді.

Сәбіз

null

Сәбіздің кесіліп алынған басы суда жақсы өседі. Олар салатқа қосуға болатын көк шөп ретінде пайдаланылады.

Насыбайгүл (Базилик)

null

Насыбайгүлдің 3-4 см болатын кішкентай өсінділерін күн жақсы түсетін жерге, стақан суға салып қойыңыз. Олар екі есе болып өскенде топыраққа отырғызуға болады. Насыбайгүл қайта жайқалып, өсіп шығады.

Балдыркөк (Сельдерей)

null

Балдыркөктің түбін кесіп алып, жылы суға салып, күннің көзіне қойып қойыңыз. Жапырақтары түбінің ортасынан өсе бастайды, кейін оны топыраққа отырғызуға болады.

Ромен-салат

null

Егер өсімдікті жартысына дейін суға батырып, бірнеше күн ұстайтын болса салат қайта тіріледі. Осыдан кейін жаңа жапырақтар өсіп шығады және өсімдікті қайта топыраққа отырғызуға болады.

Күнзе (кинза)

null
Күнзе суда жақсы өседі. Оны топыраққа отырғызған соң, хош иісті өскін жайылып өсіп шығады. 

 

Дереккөз: islam.kz

0
түсініктер
Демалыста балалардың дұрыс тамақтануын қалай қамтамасыз етуге болады?
Қарау
Адамға қанша дос керек? 
Қарау
Ақылды болсаң, неге кедейсің? 
Иә, байлықтан гөрі бақытты болған дұрыс дейтініміз бар. Десек те, бақуатты өмір сүру әркімнің-ақ қалауы. Қалталылар санатына қосылу да әркімнің  бір қолынан келе бермейді. Бірақ назар салар бір кілтипан бар.   Бірде шопанға «Сені патша қылсақ қайтесің» деп сұраса «Қойды жылқыға мініп бағар едім» депті. Деуі
Қарау
Сіз қай сағатта туылып едіңіз?
Қарау
 Ешкімге айтуға болмайтын жеті құпия қандай?
Қарау
Жарнамалық үзіліс кезінде... 
Қарау
Жүйке жүйеңіз қандай? 
Қарау