Интернетсіз ақпарат жинау

 Әлемде 7 миллиардтан аса халық болса, соның 70 пайызы интернет арқылы ақпарат алады және олардың саны жыл санап артып келеді. Ал интернет болмаған жағдайда ақпарат алу мүмкін бе? Оның жолдары қандай? Журналистер жаңалықтарға қалай қол жеткізді? Интернетсіз «тірі» ақпарат іздеудің жолы қандай болатыны туралы танымал британдық журналист, ВВС-дің бұрынғы продюссері Марк Григорянның кеңесін назарларыңызға ұсынамыз.  Толығырақ: massaget.kz



Интернет болмаған жағдайда журналистер аяқтан талып, ақпарат іздейді. Керек уақытында керек жерде болуға тырысады. Кез-келген жердегі оқиғаларға баса мән беріп, байқағыштық танытады.

Жалпы «тірі» ақпарат алудың басты үш тәсілі бар:

 

  • Бақылау
  • Құжаттарды, кітаптарды, газет-журналдарды жиі оқу
  • Тәжірибе жасау


 Нағыз маман үшін оқиғаны көріп білу, түйсіну бірінші кезекте тұрады. Бұл мақалаға әр кіргізіп қана қоймайды, оның ары қарай дамуына мүмкіндік береді. Соңында мақала қызықты, көңілге қонымды болып, есте қалады, оқыған адамға ерекше әсер етеді.

 Жаңалықты ұсынуда әрбір тетік маңызды. Ақпарат алушы журналист оны бақылай білуі керек. Бақылауды да үйрену керек. Жаңалыққа байланысты тапсырма алған жағдайда алған тапсырмаңызға қатысы баратын орында не болатынын, қандай жер екенінен хабардар дұрыс.

 Мысалы, сіз белгілі бір шенеуніктің жұмыс орнына бардыңыз делік. Алдымен кабинетке кіре сала, тазалығына, бөлмедегі әрбір нәрсеге мән бересіз. Кітаптардың реті қандай, қай жанрдағы кітаптар оқиды? Шенеуніктің жеке өміріне деген қарым-қатынасы қалай? Кабинетте жеке отбасымен түскен суреттер бар ма? Міне, осындай ұсақ-түйекке дейін мән берілуі тиіс. Сонымен қатар үстел үстінде шашылып жатқан қағаздарға, не жазылған материалдарға бір қарап шыққан дұрыс.

 Егер журналиске үкіметке қарсы митингке бару керек болса, митингке қатысушы адамдардың саны, олардың сөздері, көзқарастары, киім кию үлгісі, ұқыптылығы назардан тыс қалмай, бәрі тайға таңба басқандай анық жазылуы тиіс. Бұл да журналистің интернетке тәуелсіз екенін, ғаламдық желінің көмегінсіз ақпарат ала алатынының дәлелі болады. Үкіметке наразы халықтың әлеуметтік базасын анық көруге мүмкіндік береді.

 Журналистің бақылау қызметін екі түрге бөліп қарастыруға болады:

 Журналистің жобаға арнайы қатысуы
Журналистің күтпеген жерден белгілі бір оқиғаға араласуы. Бұған тілшілердің қатысуы сирек кездеседі.
Егер бақылаушы көзқарасымен қарайтын болсақ, бақылау ашық және жабық түрде қарастырылады. Ашық бақылауда журналист өзіне керек барлық ақпаратты еш бүкпесіз ала-алатыны белгілі. Ал жабық бақылау кезінде міндеті түрде бүркеншектік, жасырын жұмыс істеу сияқты әрекеттер болады.

 Бақылау өзге де журналистік жанрларда да (сұхбатта, профайлдарда, журналистік зерттеулерде, сараптамалық мақалаларда, т.б.) қалыптасу керек.
 
 Құжаттарды, кітаптарды, газет-журналдарды жиі оқу
 
 Құжат деген анықтаманың аясы кең. Туу туралы куәліктен бастап қарапайым афишаға дейін қандай да бір құжатқа айналады. Ал маманданған тілші өзіне қандай құжат керек екенін бірден аңғарады.

Мысалы экономика саласында жазатын сарапшылар көпшілік түсіне бермейтін биржа қорында көрсетілген цифрларды тез байқап, көреді. Заң саласындағы репортерлар заң анықтамаларын, сот отырысындағы хаттамаларды, сот шешімдерін, бұйрық мәтіндерін бірден түсінеді. Ешбір ғаламтор көмегінсіз қалаған ақпаратына қол жеткізе алады. Осылайша, журналистің құжаттар қоры жыл санап арта береді. Ол газет бетінен қиылып алына ма, арнайы анықтамалар ма, баспасөз баяндамалары ма, кітаптар ма? Оның еш маңызы жоқ. Тек сізде өзіңізге керекті ақпарат толық болса болғаны.

Тәжірибе

Бұл тәсіл арқылы журналист жиналған ақпараттарды жағдайға қарай өңдейді. Оқырманға түсінікті болуын қамтамасыз етеді. Кеңестік кезде бұл әдіс «журналист мамандығын ауыстырады» деп аталған. Қай салаға барсаң да сол саланың бүге-шүгесіне дейін біліп, сараптама жасай білу – журналистің басты артықшылығы.

Тәжірибе жасау көбінесе репортаж жасау алдында немесе журналистік зерттеу жүргізу кезінде ғана қолға алынады. Журналист кез келген жағдайға дайын болып, әлеуметтік қызметіне мән бермей, туындаған мәселелерді шешуге тырысу қажет.

Мысалы, күнделікті өмірде көшеде қайыр тілеп жүрген азаматтарды көп кездестіреміз. Бірақ олар туралы ақпаратты интернет арқылы таба алмайтынымыз анық. Олардың күнделіктті қайыр тілеуде табысы қандай болады? Қыста қайда тұрақтайды? Қайыр тілеп алған ақшаларын қайда жұмсайды? Мұның бәрі жұмбағы көп сұрақ. Сондықтан журналист немесе журналистік топ арнайы тәжірибе жүргізіп, ақпаратқа қол жеткізуі тиісті. Қажет болса, қайыршы болып күн көруіңізге тура келеді. Өйткені біз таңдаған мамандық тәуекелділікті талап етеді.

Алайда тәжірибе жасау этикалық проблемаларға да байланысты, сондықтан оны қолдануда абай болу қажет. Тәжірибе жасап, журналист алдау арқылы («мамандығын ауыстыру» әдісінің өзі алдау) ақпарат алуға тырысып отыр. Алған «тірі» ақпаратыңызды әрқашан әріптестеріңізбен бөлісуді ұмытпаңыз. Бұл алдағы уақытта сізде ақпарат легінің көп болуына, кәсіби жұмысыңызды шыңдауға көмегін тигізеді.

0
түсініктер
Пайдалы кеңестер
Қарау
Әй, саусағыңды қытырлатпа!
Қарау
Бойжеткендер өмірінде 4,5 кг далап жейді
Көп қыз ерінін далаппен бояғанды ұнатады. Бірде оны ерін түсін өзгерту үшін қолданса, енді бірде оны еріннің көлемін ұлғайту үшін жағады. Десе де ол әркімнің өз таңдауы. Ал біз далаптар туралы 10 қызықты деректі назарларыңызға ұсынамыз. Толығырақ: massaget.kz 1. Далаптың құрамындағы ерінді жалтырататын зат балықтың қабыршағынан жасалады
Қарау
Әдетке айналдырар 50 әрекет
Қарау
Сенің туылған күнің қай күні?
Қарау
Кедергілермен қалай күресу керек?
Қарау
Психологиялық жасыңыз нешеде?
Қарау