Таңертең қалай ерте тұруға болады?

Қыстың түні ұзақ болғанмен, дәрменсіздік салдарынан таңертең ерте тұру қиынға соғуы мүмкін. Осыған орай кәдеңізге жарап қалар келесі кеңестерді ұсынамыз.


1. Жатар алдында ертеңге қойып отырған басты жоспарыңызды ойлаңыз. Маңызды екенін есте сақтаңыз. Ертерек тұрып тірлігіңізді тындырған соң бос уақыт қалатынын ескеріңіз.

2. Ерте тұру үшін ерте ұйықтағаныңыз дұрыс. Күнде алдыңғы күннен 15-30 минут ертерек оянып үйреніңіз. Осылайша біртіндеп қажетті уақытыңызға дейін апарасыз.

3. Ұйықтар алдында ғаламторға кіріп, теледидар қарамаңыз. Себебі бұлар адамның жүйке жүйесін қоздырады да, ұйқыны бұзады. Қою шай мен кофені де ұйықтар алдында ішуге болмайды. Түндегі тәтті ұйқы – күніңіздің сәтті өтуінің кепілі екенін ұмытпағайсыз.

4. Ерте тұру үшін өз-өзіңізге көмектесіңіз. Ұйқыдан тұра сала жарықты жағыңыз немесе музыка қосыңыз. Терезелерді айқара ашып, жаттығу жасаңыз. Қимыл-қозғалыс бар жерден ұйқы аулақ жүреді.

5. "Ерте оянып қойыппын, әлі жарты сағат жата тұруға болады..." сынды ойларға жол бермеңіз. Тұра сала жуынуға асығыңыз.

6. Таңертең оянбайтыныңызға сенімді болсаңыз, оятқышты (будильник) пайдаланыңыз. Ол үшін оны жаныңызға емес, өзіңізден алыс жерге қойыңыз. Таңертең шырылдағанда оны өшіруге жеткенше ұйқыңыз ашылуы мүмкін.

7. Таңертең ерте тұру – күні бойы сергек жүрудің кепілі! Осыны жадыңыздан шығармаңыз.

8. Ұйқымды ашамын деп төсекте жатып теледидар қарап немесе телефоныңызды ақтармаңыз. Жаңалық тыңдауға асықпаңыз. Өйткені, төсек жиналмай, ұйқы да сізден алыс кетпейді.

9. Ұйқыңызды ашу үшін, сергектікті сезіну үшін кофе немесе бір кесе су, болмаса алма жеңіз. Бұл ұйқыңыздың ашылуына көмектеседі.

10. Таңертеңгі астан бас тартпаңыз. Ұйқыдан кейін тамаққа тәбетіңіз тартпауы мүмкін. Бірақ, таңғы ас – күні бойғы ағзаңызға қуат берер күшке ие екенін ұмытпағайсыз.

 

Дереккөз: vk.com

0
түсініктер
Арманыңызды өзіңіз жақындатыңыз
Қарау
Қай гүлді кімге сыйлау керек?
Қарау
Жұмыста табысты болудың жолдары
Жұмыста табысты болу үшін қажетті шарттардың бірі – позитивті көңіл-күй. Өз көңіл-күйіңізді өзіңіз көтересіз, әрине.   Бәрі таңертең ұйқыдан тұрғаннан басталуы тиіс. Алдымен ерте тұрыңыз: ерте тұрған қыз-келіншектің бір ісінің артық екенін білесіз ғой. Жуынып алған соң ас бөлмесіне кіріп, бір стақан су ішіңіз.   Ай
Қарау
Қыздардың мінезіне туған айы әсер ете ме?
Қарау
Киім күтімінің 10 қағидасы
Қарау
Пернетақтамен теру мидағы ақпаратты өшіреді
Қарау
Шет тілін үйрену мидың қартаюын тежейді
Қарау