Жадыңызда жүрсін!

Пернетақтаны қалай оңай тазалауға болады, қайшыны қайрау жолы қандай, былғары сөмкенің жағымсыз иісін қалай жоғалтуға болады және тағы басқа да сұрақтардың жауабын төменнен оқыңыз.

 

  • Клавиштердің арасына жиналған ұсақ қоқымды стикердің көмегімен алуға болады. Ол үшін стикердің жабысатын жағын қолданыңыз.
  • Егер еденге әлдебір ұсақ затты түсіріп алсаңыз, оны табу сіз ойлағандай қиын емес. Шаңсорғыштың ауызына капрон шұлықты кигізіп, еденнің шаңын сорғызыңыз. Жоғалтқан кішкентай түйме де оңай табылады.
  • Өтпей қалған қайшыны қайрау үшін әйнек ыдыстың сыртынан жаймен қайшылаңыз. Қайшының жүзі өткірлене түседі.

  • Былғары сөмкені жағымсыз иісінен арылу үшін шұлыққа біраз ас содасын салып, сөмкеге салып қойыңыз. Бір түнде-ақ жағымсыз иістен тазарады.

  • Егер шланг болмаса, суды шелекке не үлкен ыдысқа төмендегілей құюға болады.

  • Егер ас бөлмеге шіркей, ұсақ шыбындар қаптап кетсе, еш уайымдамаңыз. 400 мл суға 30 мл арақ пен ыдыс жууға арналған сұйықтықтан 3-4 тамшы тамызып, араластырыңыз да, осы сумен шіркейлер көбірек шоғырланған жерлерді сүртіп шығыңыз. Шіркейлер тез-ақ жоғалып кетеді.
     
  • Аяқкиімдерді капрон шұлықпен тазалап көріңіз. Әсіресе, күдері (замшевый) аяқкиімдердің шаңы мен кірі оңай тазарады.

 

 

Дайындаған: Құралай Мұратқызы

 

0
түсініктер
Саусақ сыр айтады
Қарау
Шаш қатыруға арналған лакпен не істеуге болады?
Қарау
Киімге жабысқан сағызды қалай тазалауға болады?
Мұндай қолайсыз жағдайға тап болған жан араларыңыздан міндетті түрде табыларына еш күмәнім жоқ. Әсіресе, қоғамдық орындарда киіміне сағыз жабыстырып алып, одан қалай «құтылудың» жолын таппай жататындар көп кездеседі. Ендеше, киімге жабысқан сағызды тазалаудың жолдарын қарастырып көрелік.   Жалпы, сағызды киімнен тазалау үшін
Қарау
Жігітті алғашқы кездесуде баурап алғыңыз келсе... Психолог кеңесі.
Қарау
Тәмсіл
Қарау
Тұйық баламен тіл табысу жолдары.
Қарау
Ас үйге қажетті кеңестер
Қарау