Тәмсіл

 Бір бала жолға шығыпты. Күн де күлімдеп, нұрын төгіп тұр екен. Бала кенеттен сүрініп, жығылыпты. Тізесін жарақаттап, маңдайын да тасқа ұрып алыпты. Сонда әлгі бала: «Құдай-ау, қандай қорғаушы едің, жығылып қалдым ғой», – деп ренжіпті. Осылайша ол келесі жолға түседі. Ал бірінші кетіп бара жатқан жолымен жүргенде алдында жатқан улы жыланға тап болатынын ол білмеді де.

 Ары қарай кетіп бара жатқанда сіркіреп жаңбыр жауып, күн күркірепті. Жаңбырдан тығылу үшін ол үлкен ағашқа қарай жүгіреді. Бірақ тағы сүрініп, жығылып қалыпты. Бұл жолы да: «Жаңбырдан тығылуға да мүмкіндік бермедің, өзің қандай қорғаушы едің?» – деп Құдайға реніш білдіріпті де, тағы жолын ауыстырып, келесісіне түсіпті. Бірақ ол жаңағы өзі аясына тығылмақшы болған үлкен ағашқа найзағай түсіп, әп-сәтте от құшағына оранғанын байқамапты.

 Бала: «Құдай, мен саған сенбеймін! Мені қорғамайсың, таңдаған жолыммен жүруіме де мұрша бермейсің», – деп күбірлеп, үшінші жолмен әр қадамын аңдап басып, абайлап келе жатыр екен. Кенет тағы да жығылып, қолын сындырып алыпты. Қолының ауырғаны сонша, ол Құдайды жек көріп: «Құдайдың барына енді сенбеймін! Жолмен емес, таумен жүремін. Маған көмектескеннің орнына, тек кедергі келтіресің», – деп ашуланыпты. Десе де, ол бала үшінші таңдаған жолының тік жарға барып тірелетінін білмеген екен.

 Сонымен бала биік тауға қарай өрмелеп кетіпті. Көп күш жұмсап, шаршап, әрең дегенде таудың биігіне шығады. Ал биіктен бағана өзі жүрген үш жол да анық көрініп тұр. Бірінші жолдағы улы жылан, екіншісіндегі найзағай түсіп, өртенген ағаш, үшінші жолдың ешқайда апармайтыны, яғни екінші басындағы жар. Бала тек сонда ғана Жаратушының оны әрдайым қорғап келгенін түсінген екен.

 

Күпірлік қылып, бәрін жамандыққа жорудан аулақ болайық! Әр істің бір жақсылығы бар емес пе?!

 

Аударған: Құралай Мұратқызы

Дереккөз: wiolife.ru

0
түсініктер
Ақ шұлықтың реңін келтіру
Қарау
Саусақ сыр айтады
Қарау
Шаш қатыруға арналған лакпен не істеуге болады?
 Егер косметика салатын қорапшаңызда шаш қатыруға арналған лак болса, ол бекер жатпасын. Керегіңізге жаратыңыз! Қарапайым шаш қатырғыш – әйел адамдардың таптырмас көмекшісі.   1. Капрон шұлыққа лак сеуіп қойсаңыз, оның сөгіліп кетуінің алдын аласыз.   2. Тырнағыңызға жаққан лактың үстінен шаш қатырғышты сепс
Қарау
Киімге жабысқан сағызды қалай тазалауға болады?
Қарау
Жігітті алғашқы кездесуде баурап алғыңыз келсе... Психолог кеңесі.
Қарау
Тәмсіл
Қарау
Тұйық баламен тіл табысу жолдары.
Қарау