Тәмсіл

Екі періштенің әңгімесінен. Үлкені қоластындағы періштеге:

— Айт! Бір ауыз сөзбен жеткіз бәрін!

— Аман-есен. Жұмысқа барып жүр. Әлденеден үміті бар.

— Неден?

— Айту қиын. Екі рет оған керемет түс көрсеттім, бірақ байқамайды. Жұмыстан шаршайтынын айтады.

— Ал жұмысында не жағдай?

— Әдеттегідей. Басшылық. Қарбалас. Қаңқу сөз.

— Басшылық қатал ма?

— Айтарлықтай ештеңесі жоқ. Өзге басшылар сияқты-ақ. Неге екені, ол өлердей қорқады...

— Қорқынышын сейілтіп көрдің бе?

— Әрине. Кеңсеге барар жолда-ақ байқап көрдім. Тіпті аспанындағы бұлтты сейілтіп, күннің көзін көруіне бар жағдайды жасап бақтым.

— Әтірінің иісі-ақ алыстан елітіп әкетер бейтаныс сұлумен таныстырып көрмедің бе?

— Олай ренжіте көрмеңіз... Метрода тіпті бетпе-бет келтірдім де...

— Қалай?

— Өзгеріссіз! «Кешіріңіз» деді де, өз ойының жетегінде кетті...

— Ал жұмыстан кейін немен айналысады?

— Дүкен. Теледидар. Ыдыс жуу. Интернет. Ұйқы.

— Теледидарын бұзып көрмедің бе?

— Көрдім. Жаңасын сатып алды...

— Интернетті өшіріп ше?

— Бес күн қатарынан өшірдім. Ол жұмыста қалуды шығарды. Түннің бір уағына дейін.

— Ал демалыс күндерін қалай өткізеді?

— Түске дейін ұйқы. Пәтерін жинау. Кешке – достары, мағынасыз әңгіме, арақ-шарап. Түн ортасында үйіне келеді. Тағы да теледидар немесе интернет.

— Ал ол қайда (болашақ екінші жартысы)?

— Көз алдында. Араларында үш-ақ үй. Тіпті азық-түлікке де бір дүкенге барады.

— Кезекте тұрғанда кездестіріп көрдің бе?

— Әрине! Автобус аялдамасында да, мерекелерде де талай кездестірдім.

— Екеуінің тағдыр жолдарын тексердің бе?

— Бәрі де сәйкесіп-ақ тұр... Бірақ бұл қала... Мұндағы өмір салты... Мен шаршадым! Бұл – орындалмас тапсырма!

— Ендеше, ең әсерлі құралдарың қайда?

— Міне, басеке! Жоғары температура, тұмау. Сынық. Жарақат. Көлік апаты. Дағдарыс. Өрт. Қаржылық қиындық...

— Жетеді! Махаббат жолында мұндай соңғы амалға баруға рұқсат! Тек бұлардың біреуін ғана қолдан! Орында!

— Құп болады!

 

 

Алла Тағала нәсіп еткен жақсылықтар мен мүмкіндіктерді уақытылы байқап, бағалай білуді үйренейік! Періштелеріміздің соңғы амалға баруына себепкер болмайық!

 

 

Аударған: Құралай Мұратқызы

0
түсініктер
Әмиянды дұрыс таңдап үйреніңіз 
Қарау
Компот қайнатудың қағидалары
Қарау
Мамандардан кеңес:
Кәсіби модель болмасақ та, дәл солар секілді бәріміздің суретке әдемі түскіміз келетіні анық. Кей жағдайларда мінсіз сымбатымызға қарамастан, суреттен семіз көрінеміз. Мұның себебі камераның адамды көлемді етіп көрсетуінде. Суреттеріңіз ойдағыдай шықсын десеңіздер, бірнеше кеңестерімізді пайдаланыңыздар. Ал кеңестерімізді оқымас бұрын, өз-өзің
Қарау
Бойыңыз қысқа болса...
Қарау
Бала тәрбиесі: қоғамдық орындарда өзін ұстауға үйрету
Қарау
Бақытты болу үшін күніне қандай үш сөзді айту керек?
Қарау
Балалармен үй жануарлары
Қарау