Саусақ сыр айтады

Хиромант мамандар саусақты пішіміне қарай үшкір, төртбұрышты, доғал, салалы, қысқа деп беске бөледі.

 

 Үшкір саусақ- Хирономия ілімі бойынша мұндай саусақ іскер,қызуқанды,әсершіл,шешемтал адамға бітеді.Сондай-ақ хироном мамандар үшкір саусақ иелері не нәрсеге де шыдамсыз,тұрақсыз,құбылмалы,жұрттың айтқанына ергіш,сенгіш келеді деп есептейді. Кейбірінің тіпті жеңілтек,қатыгез болуы да ықтимал екенін ескертеді.

 

 Төртбұрыш саусақ- Хирономия мұндай саусақты адамның тәртіпті,жинақы,табанды,ынталы һәм досқа адал болатынын айтады. Салт-дәстүрді ұстануға,адам сыйлауға бейім келеді. Нақтылы ғылымдарды игеруге қабілетті,ерік-жігері мықты. Алайда төртбұрышты саусақ иелерінен өзгеге ұқсамайтын ерек қасиет иелері шыға бермейді,өзі түсініп,ұғуға шамасы жетпейтін нәрсені мойындауы қиын. Ойламы да,іс-әрекеті де тек нақтылыққа,материалдық негізге табан тірейді.Мұнысы оның адымын аштырмай,күнделікті ұсақ-түйек тірліктің қызығына байлап тастайтын жағдайларда аз ұшырыспайды.

 

 Доғал саусақ- Саусақ бітімі мұндай жандар қайратты,жігерлі,дербес іс-әрекетке құштар һәм мақтан сүйгіштеу келеді. Басқаның ой-пікірімен санаса қоймайды,үнемі дерлік өзім білемін,өзімдікі дұрыс деген сенім жетегінде жүреді. Хирономия доғал саусақтылардан жұртты соңынан ерте білетін шешен-көсемдердің,мықты актерлардың жиі шығатынын алдыға тартады.

 

 Салалы саусақ- Мұндай адам қандай қиын шаруаны да қиналмай һәм мінсіз атқаруға қабілетті. Бауырмал,жақын-жуықтарына,дос-жарандарына қамқорлық жасауға әзір тұрады. Бірақ басына іс түскен,тығырыққа тірелген кездері тым ұсақтап,өзіне лайықсыз әрекеттерге бару,жоқтан өзгені қазбалап,жөн-жосықсыз қазымырлыққа салыну да салалы саусақтыларға жат қылық емес дейді хирономия.

 

 Сұқ саусақ- Оның ұзындығы ортаңғы саусақпен бірдей болса,онда ондай адамның әміршіл болу,даңқа жету мүмкіндігі өзгелерден әлдеқайда жоғары.наполеон т.б. көптеген даңқты қолбасшылардың,елбасылардың саусақ бітімі осының дәлелі,-дейді мамандар.

 

 Шынашақтың салалы болуын да хирономия билікке,байлыққа қол жеткізетіндіктің нышаны деп біледі.

 

 

 

Дайындаған: ҚР «Қазақ психологиялық қоғамы» бірлестігінің мүшесі, психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы

 

0
түсініктер
Ақ шұлықтың реңін келтіру
Қарау
Саусақ сыр айтады
Қарау
Шаш қатыруға арналған лакпен не істеуге болады?
 Егер косметика салатын қорапшаңызда шаш қатыруға арналған лак болса, ол бекер жатпасын. Керегіңізге жаратыңыз! Қарапайым шаш қатырғыш – әйел адамдардың таптырмас көмекшісі.   1. Капрон шұлыққа лак сеуіп қойсаңыз, оның сөгіліп кетуінің алдын аласыз.   2. Тырнағыңызға жаққан лактың үстінен шаш қатырғышты сепс
Қарау
Киімге жабысқан сағызды қалай тазалауға болады?
Қарау
Жігітті алғашқы кездесуде баурап алғыңыз келсе... Психолог кеңесі.
Қарау
Тәмсіл
Қарау
Тұйық баламен тіл табысу жолдары.
Қарау