Ақ шұлықтың реңін келтіру

Әдетте, ақ шұлықтар өзінің реңін жоғалтып, қайта қалпына келмей жатады. Осы сұрақты алға тарта отырып, тазартудың бірнеше әдісін ұсынып отырмыз.

1 әдіс: 

Ақ шұлықты жуар алдында бор қышқылына салып алсаңыз, онда ол тез тазарады. 1 ас қасық қышқылды 1 литр жылы суға саламыз. Шұлықты 1-2 сағат осы ерітіндінің ішіне салып қоямыз.Одан кейін, тазалап шайып, кір жуатын машинаға салып алыңыз немесе қолмен жуыңыз. Негізінен шұлықты кір машинада 40 немесе 60 градус температурада мақтаға арналған толық режиммен жуғаныңыз дұрыс.

 

2 әдіс:

Лимон- бұрыннан келе жатқан тиімді әдіс. Лимон шырыны тек қана ак шұлықтағы дақтарды кетірмейді, сонымен қатар, басқа түстердегі киімдерді тазартады. Лимон киімнің түсін кетірмей, рең беретін табиғи ағартқыш болып табылады. Ендеше шұлығыңызды тазарту үшін лимонды пайдаланудың жолдарына назар салыңыз!

  • Шұлықты легенге салып, бірнеше тамшы лимон сығып, жылы су құйып қойыңыз.Біраз уақытқа дымқыл қалпында қалдырып, қолмен немесе машинамен жуу.
  • Егер «лимон суы» көмектеспейтін болса, онда лимонды алып, шұлығыңыздың дақ болып қалған жеріне лимонды сығып, кішкене ақ киімдерге арналған ағартқышты немесе кір жуатын ұнтақты себіңіз. Қолмен ысқылып жуып, ақ киімдермен бірге кір машинаға салып жіберіңіз.
  • Егер шұлық синтетикалық болмаса, жоғары температураны ұстайды.Сіз онда шұлықты қайната аласыз. Ыдысқа су құйып, отқа қойыңыз. Бірнеше минуттардан кейін кішкене лимон бөлігін салып жіберіңіз. Содан соң суға шұлықты салып, үстінен кір жуатын ұнтақ себіңіз. Отта 10 минуттай қайнату керек. Айта кететін ақпарат, жүн шұлықтарды қайнатуға болмайды. Оларды жылы суда жуған жөн.
  • Ақ іш киімдерді және ашық түсті шұлықтарды жуарда кір жуатын машинаға жарты кесе ас содасын қосуға болады.
  • Ақ шұлығыңызды басқа түсті шұлықтарыңызға қарағанда жиі жуыңыз. Ол әрбір киістен кейін жуып отыруды талап етеді.

 

0
түсініктер
Саусақ сыр айтады
Қарау
Шаш қатыруға арналған лакпен не істеуге болады?
Қарау
Киімге жабысқан сағызды қалай тазалауға болады?
Мұндай қолайсыз жағдайға тап болған жан араларыңыздан міндетті түрде табыларына еш күмәнім жоқ. Әсіресе, қоғамдық орындарда киіміне сағыз жабыстырып алып, одан қалай «құтылудың» жолын таппай жататындар көп кездеседі. Ендеше, киімге жабысқан сағызды тазалаудың жолдарын қарастырып көрелік.   Жалпы, сағызды киімнен тазалау үшін
Қарау
Жігітті алғашқы кездесуде баурап алғыңыз келсе... Психолог кеңесі.
Қарау
Тәмсіл
Қарау
Тұйық баламен тіл табысу жолдары.
Қарау
Ас үйге қажетті кеңестер
Қарау